О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2006 года N 726
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2006 года N 726
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы N 726 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 621
- Қабылданған күні
- 26.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2015 AI40270_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080000621_
- ЭКБ идентификаторы
- 40270
- Редакция идентификаторы
- AI40270_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:13
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы N 726 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы N 726 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесінде:
6-тармақтың екінші абзацында "; жеке тұрғын үй құрылысы үшін басқа жер учаскесінің болуы (болмауы)" деген сөздер алынып тасталсын;
8-1-тармақта:
"және жылжымайтын мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын органнан Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағында көзделген анықтамаларды" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағында көзделген мәліметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
"анықтамалар" деген сөз "мәліметтер" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақта:
бірінші абзац "есепке алады және" деген сөздерден кейін "комиссия қайтадан қарамай" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Бұл ретте жер учаскесін тегін негізде берген жағдайда азаматтар құқықтарын мемлекет жеке тұрғын үй құрылысы үшін берген жер учаскелерінің болуы немесе болмауы ескеріледі, олар туралы мәліметтерді республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті орган ұсынады.";
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жерді бөліп беру үшін алаңдарды дайындау туралы ақпарат және жер учаскесін алуға арналған кезек тізімдері ашық болып табылады, оларға қол жетімділікті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері тоқсанына кемінде бір рет оларды арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы қамтамасыз етуге міндетті.".