О внесении изменения в решение городского маслихата от 1 февраля 2006 года № 30/276 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение городского маслихата от 1 февраля 2006 года № 30/276 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)"
- Атауы (қаз.)
- "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы № 30/276 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10/93
- Қабылданған күні
- 30.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2008 AI40637_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08KD000113
- ЭКБ идентификаторы
- 40637
- Редакция идентификаторы
- AI40637_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:12
0 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1
1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-26, "Балқаш өңірі" газетінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 23 санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 ақпандағы N 40/390 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-66, "Балқаш өңірі" газетінің 2007 жылғы 9 наурыздағы N 21 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2007 жылғы 9 наурыздағы N 25-26 санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 12 наурыздағы N 7/61 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-105, "Балқаш өңірі" газетінің 2008 жылғы 11 сәурдегі N 29 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2008 жылғы 9 сәурдегі N 42 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 1 тармақта "12110" саны "13310" санымен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімінің
міндетін атқарушы
Нысанғалиев Ж.Ә.
30 маусым 2008 жыл
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Адамова Қ.Қ.
30 маусым 2008 жыл
Қаржы бөлімі
бастығы
Томпиева Ж.Қ.
30 маусым 2008 жыл
Экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы
Шлыкова З.С.
30 маусым 2008 жыл