Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение городского маслихата от 1 февраля 2006 года № 30/276 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)"

Өзге акт · № 21/160 · қабылданған 27.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2006-no-30276/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение городского маслихата от 1 февраля 2006 года № 30/276 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)" Күшін жойған Өзге акт ·№ 21/160 ·27.05.2009
27.05.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение городского маслихата от 1 февраля 2006 года № 30/276 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 21/160 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение городского маслихата от 1 февраля 2006 года № 30/276 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)"
Атауы (қаз.)
«Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы» қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы № 30/276 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21/160
Қабылданған күні
27.05.2009
Көрсетілген редакция
27.05.2009 AI46306_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KD000145
ЭКБ идентификаторы
46306
Редакция идентификаторы
AI46306_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:01

0 «Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы» қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-26 болып тіркелген, "Балқаш өңірі" газетінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 23 санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 ақпандағы N 40/390 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-66 болып тіркелген, "Балқаш өңірі" газетінің 2007 жылғы 9 наурыздағы N 21 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2007 жылғы 9 наурыздағы N 25-26 санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 12 наурыздағы N 7/61 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-105 болып тіркелген, "Балқаш өңірі" газетінің 2008 жылғы 11 сәурдегі N 29 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2008 жылғы 9 сәурдегі N 42 санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 30 маусымдағы N 10/93 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-113 болып тіркелген, "Балқаш өңірі" газетінің 2008 жылғы 16 шілдедегі N 68 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2008 жылғы 16 шілдедегі N 84 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 1 тармақта "13310" сандары "15362" сандарымен ауыстырылсын;

2 2) 3 тармақ келесі мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

"жұмыс істемейтін мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыларға (N 1, N 2 тізімдері бойынша)";

3 3) 4 тармақ келесі мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

"Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін өтініш берушілер жауапты. Дұрыс емес мәліметтерді ұсыну салдарынан заңсыз жәрдемақы төленген жағдайда, төленген сома алушылардан өз еріктері немесе сот арқылы өндіріледі".

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімінің
міндетін атқарушы
Ж. Нысанғалиев
27.05.2009 ж.
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Қ. Адамова
27.05.2009 ж.
Қаржы бөлімінің
бастығы
Ж. Томпиева
27.05.2009 ж.
Экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы
З. Шлыкова
27.05.2009 ж.

Қолданыстағы