Аудан әкімдігінің 1 наурыз 2007 жылғы «2007 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» № 85 санды қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 1 наурыз 2007 жылғы «2007 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» № 85 санды қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 16.08.2007 г. № 227 (Аудан әкімдігінің 1 наурыз 2007 жылғы «2007 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» № 85 санды қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Аудан әкімдігінің 1 наурыз 2007 жылғы «2007 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» № 85 санды қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 7-8-42 26.03.2007 жылы тіркелген, 2007 жылдың 9 сәуірінде «Ауыл айнасы» газетінде № 16 санымен жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қаулының 5 тармағындағы «Казталов ауданының Казталов аймақтық медициналық бірлестігі, Казталов ауданының Жалпақтал аймақтық медициналық бірлестігі» деген сөздер «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің «Казталов ауданының Казталов аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің «Казталов ауданының Жалпақтал аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Садбековке жүктелсін.
3. Қаулы баспасөзде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.