Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 2007 года № 862 "Об утверждении Правил замены и уничтожения Государственного Флага, Государственного Герба Республики Казахстан, не соответствующих государственным стандартам"

Қаулы · № 1381 · қабылданған 31.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2007-no-862/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 2007 года № 862 "Об утверждении Правил замены и уничтожения Государственного Флага, Государственного Герба Республики Казахстан, не соответствующих государственным стандартам" Күшін жойған Қаулы ·№ 1381 ·31.10.2012
03.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 2007 года № 862 "Об утверждении Правил замены и уничтожения Государственного Флага, Государственного Герба Республики Казахстан, не соответствующих государственным стандартам"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1381 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 2007 года № 862 "Об утверждении Правил замены и уничтожения Государственного Флага, Государственного Герба Республики Казахстан, не соответствующих государственным стандартам"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 862 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1381
Қабылданған күні
31.10.2012
Көрсетілген редакция
03.10.2023 69059_658870.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001381
ЭКБ идентификаторы
69059
Редакция идентификаторы
69059_658870
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:02

0 "Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 862 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 862 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 404-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспенің мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1 «1. Қоса беріліп отырған Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1381 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 1 қазандағы
№ 862 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заңына (бұдан әрі- Конституциялық Заң) сәйкес әзірленді және ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою тәртібі

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жоюды Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы міндетті түрде орналастырылатын (орнатылатын, көтерілетін) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін комиссиялары жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын нысандардың, мөлшердің және техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандарттарға сәйкес келмеушілік болып табылады.

4. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ауыстыруды және жоюды осы Қағидаларда көзделген тәртіппен ғимараттардың (үй-жайлардың) иелері өздерінің еркі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын тігуді жүзеге асырады.

5. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын жою оларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру жолымен жүргізіледі.

Қолданыстағы