О внесении изменений в решение акима Копинского сельского округа от 1 декабря 2008 года № 6 «О присвоении названия улицам в населенных пунктах Копинского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Копинского сельского округа от 1 декабря 2008 года № 6 «О присвоении названия улицам в населенных пунктах Копинского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Қопа ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 6 «Қопа ауылдық округінің мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 19
- Қабылданған күні
- 12.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 12.11.2018 126284_373551.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CLH00182
- ЭКБ идентификаторы
- 126284
- Редакция идентификаторы
- 126284_373551
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:39
0 Қопа ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 6 «Қопа ауылдық округінің мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қопа ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 6 «Қопа ауылдық округінің мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-68 тіркелген, 2008 жылы 25 желтоқсанда аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қопа ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы»;
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».