О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 1 апреля 2008 года № 88 "Об установлении водоохранных зон и полос на реке Илек в административных границах города Актобе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 1 апреля 2008 года № 88 "Об установлении водоохранных зон и полос на реке Илек в административных границах города Актобе"
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 88 "Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінде суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 109
- Қабылданған күні
- 30.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2013 72759_127424.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13C0003594
- ЭКБ идентификаторы
- 72759
- Редакция идентификаторы
- 72759_127424
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:08
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 88 "Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінде суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27–бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 21–бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 88 «Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінде суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3248 болып тіркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде 2008 жылғы 6 мамырдағы № 52-53 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген актінің кіріспесі мынадай мазмұнда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінің ластануына, бітелуіне және сарқылуына жол бермеу мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2 – тармағында «(Ж. И. Иманқұлов)» деген сөздер алынып тасталсын;
қазақ тілі мәтініндегі 3-тармағының 3-абзацындағы «сақталсын» деген сөз «сақтау ұсынылсын» сөздерімен ауыстырылсын.
6 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. К. Кемаловаға жүктелсін».