Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил списания сумм пеней, начисленных до 1 января 2009 года и не уплаченных по состоянию на 1 мая 2010 года

Бұйрық · № 504 · қабылданған 11.10.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2009-1-2010/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил списания сумм пеней, начисленных до 1 января 2009 года и не уплаченных по состоянию на 1 мая 2010 года Күшін жойған Бұйрық ·№ 504 ·11.10.2010
25.07.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил списания сумм пеней, начисленных до 1 января 2009 года и не уплаченных по состоянию на 1 мая 2010 года

Күшін жойған Бұйрық ·№ 504 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил списания сумм пеней, начисленных до 1 января 2009 года и не уплаченных по состоянию на 1 мая 2010 года
Атауы (қаз.)
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
504
Қабылданған күні
11.10.2010
Көрсетілген редакция
25.07.2013 AI55106_4.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006572
ЭКБ идентификаторы
55106
Редакция идентификаторы
AI55106_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:11

0 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару ережесін бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 32-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Д.Е. Ерғожинге жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

0 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару ережесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2010 жылғы
10 қазандағы № 504 бұйрығымен
бекітілген
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару ережесі

1

1. Осы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару ереже (бұдан әрі – Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 32-1-бабына сәйкес әзірленген және 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару тәртібін айқындайды.
Осы Ереженің тәртібі:
2010 жылғы 1 шілдеге дейін заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар болып танылған;
осы Заңның 48-1-бабының талаптарына сәйкес келетін;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;
олар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған өсімпұлдар сомасы 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде қосымша және (немесе) хабарлау бойынша қосымша салық есептілігін табыс ету нәтижесінде түзілген;
мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін:
акцизделетін өнім өндіруді;
акцизделетін өнімді сақтауды және көтерме саудамен өткізуді;
бензин, дизель отыны мен мазут өткізуді;
жер қойнауын пайдалануды;
түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді;
құрылысты (тиісті лицензиясы болған кезде);
қаржы немесе сақтандыру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

2 2. Осы Ереженi қолданысқа енгізген күннен бастап екi жұмыс күнi ішінде салық органдары 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару жөнінде комиссия құрады (бұдан әрі – комиссия).

Комиссия құрамына:

1 1) заң қызметiнің;

2 2) салық тiркеулерi үшін жауапты;

3 3) салық төлеушiлердi есепке алуды және дербес шоттарын жүргiзуге;

4 4) салық аудиті үшін жауапты;

5 5) мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жауапты лауазымды тұлғалар енеді.

Комиссияны салық органының басшысы болып табылатын төраға басқарады.

3

3. Комиссияны құрған күннен бастап салық органдары 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасына, сондай-ақ 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 1 мамырына дейiнгі кезеңде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша төленген өсімпұлдар сомасын іріктеу мақсатында салық төлеушілердің дербес шоттары мен салық актілеріне түгендеу жүргiзуге кіріседі.

4 4. Түгендеу жүргiзудің қорытындысы бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару туралы әрбір салық төлеуші бойынша осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – шешім) шығарылады.

Салық органының шешіміне комиссияның төрағасы қол қояды.

5 5. Салық төлеушiлердi есепке алуды және дербес шоттарын жүргiзуге жауапты лауазымды тұлғалар шешім шығарған күннен бастап бір жұмыс күнi ішінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару жүргізеді.

Cалық төлеушінің дербес шотының «Өсімпұлдар бойынша есептер» - «Есептелді (кемітілді)» бағандарында көрсету жолымен есептен шығаруға жататын өсімпұлдар сомасын, дербес шоттың «Операцияның мазмұны және оның негізінде жазба (енгізу) жүргізілетін құжат» бағанында минус белгісімен көрсетумен есептен шығару жүргізіледі:
Cалық төлеушінің дербес шотынан өсімпұлдар сомасын есептен шығару туралы «__»________ 2010 жылғы № ___ шешім».

6 6. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттері 2011 жылдың 1 шілдеден кешіктірмей осы Ереженің2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық төлеушілердің қимасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне есеп тапсырады.

1 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару туралы № ___ шешім

2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке
жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы
жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар
сомасын есептен шығару ережесіне
1-қосымша
Нысан
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару туралы № ___ шешім
____________________________________ «___» ___________ 20__ ж.
(салық органының атауы)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-1-бабына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасы есептен шығарылсын:
теңге
№ р/с
Са­лық тө­ле­у­ші­нің СТН-і
Са­лық тө­ле­у­ші­нің ата­уы
Қыз­мет тү­рі
КБК
2009 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­ін есеп­ке жа­зы­л­ған өсім­пұл­дар со­ма­сы
2009 жы­л­ғы 1 қаң­та­ры­нан 2010 жы­л­ғы 1 ма­мыр­да­ғы бой­ын­ша тө­лен­ген өсім­пұл­дар со­ма­сы
Есеп­тен шы­ға­ры­лу­ға жа­та­тын өсім­пұл­дар со­ма­сы
(6-ба­ған – 7-ба­ған)
1
2
3
4
5
6
7
8
Бар­лы­ғы
Х
Х
Салық органының басшысы _____________________________________
(Аты-жөні, қолы, мөр)

2 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару туралы есеп

2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке
жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы
жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар
сомасын есептен шығару ережесіне
2-қосымша
Нысан
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару туралы есеп
«__»_________20__ ж.
________________________________________
(салық департаментінің атауы)
№ р/с
Са­лық ор­га­ны­ның ко­ды
Са­лық тө­ле­у­ші­нің СТН-і
Са­лық тө­ле­у­ші­нің ата­уы
Қыз­мет тү­рі
КБК
есеп­тен шы­ға­ру ту­ра­лы ше­шім (№ мен кү­ні)
Дер­бес шот­та өсім­пұл­дар со­ма­сы есеп­тен шы­ға­рыл­ды (тең­ге)
есеп­тен шы­ға­ру­ды орын­да­у­шы­ның аты-жө­ні
есеп­тен шы­ға­ру­ды орын­да­у­шы­ның ла­у­а­зы­мы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Бар­лы­ғы:
Х
X
Х
X
Х
Х
Х
Салық органның басшысы (орынбасары)__________________________
(Аты-жөні, қолы, мөр)

Қолданыстағы