Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 2009 года № 780 "Об утверждении Положения о Республиканской бюджетной комиссии"

Жарлық · № 812 · қабылданған 25.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2009-no-780-ekb-81414/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 2009 года № 780 "Об утверждении Положения о Республиканской бюджетной комиссии" Күшін жойған Жарлық ·№ 812 ·25.04.2014
05.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 2009 года № 780 "Об утверждении Положения о Республиканской бюджетной комиссии"

Күшін жойған Жарлық ·№ 812 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 2009 года № 780 "Об утверждении Положения о Республиканской бюджетной комиссии"
Атауы (қаз.)
"Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
812
Қабылданған күні
25.04.2014
Көрсетілген редакция
05.05.2018 81414_341884.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1400000812
ЭКБ идентификаторы
81414
Редакция идентификаторы
81414_341884
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:53

0 "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 155-құжат; 2011 ж., № 7, 87-құжат; 2013 ж., № 62, 831-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;";
5-тармақта:
1) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін, жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесін;";
2) тармақшада:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер;";
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бюджеттік өтінімдер, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары;";
он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізу үшін концессиялық жобаларды қаржыландыру;";
он тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жоспарлау кезеңінен өтпеген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар;
шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі мен көлемдері бойынша ұсыныстарды әзірлейді;".

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы