О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Железинского района от 1 апреля 2010 года № 103/4 "Об оказании социальных выплат отдельным категориям граждан района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Железинского района от 1 апреля 2010 года № 103/4 "Об оказании социальных выплат отдельным категориям граждан района"
- Атауы (қаз.)
- Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" № 103/4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 261/8
- Қабылданған күні
- 11.08.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2012 54246_213010.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PF000095
- ЭКБ идентификаторы
- 54246
- Редакция идентификаторы
- 54246_213010
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:34
0 Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" № 103/4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-6-86 болып тіркелген, 2010 жылы 3 сәуірдегі аудандық "Родные просторы" № 14 газетінде жарияланған) № 103/4 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
2) тармақшадағы "үкіметтік органдардың шешімі бойынша әскери 1950 - 1951 жылдардағы (Венгрия) әрекеттерге қатысушылар" деген сөздер "бұрыңғы КСРО үкіметі органдарының шешіміне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында шайқастарға қатысқан Кеңес Армиясының әскерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) тармақшадағы "кедейлік шегінен" деген сөздер "азық–түлік себетінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 30), 31), 32) тармақшалармен толықтырылсын:
"30) Қазақстан Республикасы шегінде теміржол және автомобиль көліктерімен (таксиден басқа) психикасы бұзылған, ертіп жүруді қажетсінетін 1, 2 топтағы мүгедектерді дәрігерлік зертеуге және емдеуге ертіп апаратын тұлғалар";
"31) ТМД елдерінде жерленген жерлерге дейін жол ақысын төлеуге Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың аудан аумағында тұрып жатқан тікелей туыстары (ұлы, қызы, немересі, қарындасы)";
"32) мемлекеттік арнайы әлеуметтік көмек алатын отбасылар".
2-тармақта:
1 1) тармақшадағы "Senao 258" радиоұзартқышын" "орнату" деген сөздер "байланыс қызметі үшін 2000 теңге мөлшерінде ай сайынғы төлем төленетін ұялы телефон деген сөздермен ауыстырылсын";
"деректі шығындар мөлшерінде" деген сөздерден кейін "өтінішіне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
"200 000" деген сандар "400 000" деген сандармен ауыстырылсын;
16 16) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"тұрғын үйді жөндеу үшін (алушының тұрақты тұрып жатқан мекенжайы бойынша) өтінішіне сәйкес, жүргізілген деректі шығындар мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, бірақ 200 000 теңгеден артық емес";
мынадай мазмұндағы 30) және 31) тармақшалармен толықтырылсын:
30 "30) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - жүру, тамақтану, тұру шығындарын нақты құны мөлшерінде өтеу, бірақ 40 АЕҚ-нен емес;
31
31) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - әрқайсысына 200,0 мың теңге сомасында жол жүруді төлеу (баратын жеріне теміржол көлігімен бару және кері қайту), бірақ екі адамнан артық емес және ТМД елдері шегінде ғана (егерде Ұлы Отан соғысының қатысушысы алыс шет елде жерленген болса, жолақысы тек қана шет елмен шекараға дейін төленеді);
3-тармақта:
14 14) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
16
"16) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – селолық округ әкімімен берілетін өтініш берушінің материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, тұрғын үйді жөндеу үшін біржолғы материалдық көмек көрсетуге селолық округ әкімі, Бөлім бастығы мен материалдық көмекті алушымен қол қойылатын үшін жақты келісім";
мынадай мазмұндағы 25) және 26) тармақшалармен толықтырылсын:
25
"25) 30) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, тұру шығындарың растайтын түбіртектер, тұратын жеріне бару және кері қайту жолына пайдаланған жол билеттері;