О внесении дополнений в постановление акимата Железинского района от 1 апреля 2010 года № 103/4 "Об оказании социальных выплат отдельным категориям граждан района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Железинского района от 1 апреля 2010 года № 103/4 "Об оказании социальных выплат отдельным категориям граждан района"
- Атауы (қаз.)
- Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" № 103/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 108/3
- Қабылданған күні
- 17.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2012 58234_206235.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11PF000110
- ЭКБ идентификаторы
- 58234
- Редакция идентификаторы
- 58234_206235
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:52
0 Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" № 103/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-6-86 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 сәуірдегі аудандық "Родные просторы" № 14 газетінде жарияланған) № 103/4 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 34) тармақшамен толықтырылсын:
"34) 1), 2), 5) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – сандық спутниктік теледидардың қабылдауыш жабдықтарын (тіреуіштерді) сатып алу үшін 22000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек.";
3-тармақтағы 1), 4) тармақшалар мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы Железин аудандық бөлімшесімен ұсынылатын тізім;".