Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"

Бұйрық · № 432 · қабылданған 01.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2010-no-141-ekb-54451/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 432 ·01.09.2010
13.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 432 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
432
Қабылданған күні
01.09.2010
Көрсетілген редакция
13.03.2013 AI54451_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006466_
ЭКБ идентификаторы
54451
Редакция идентификаторы
AI54451_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:28

0 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген), мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

аталған бұйрықтың 1 -қосымшасында:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар» кіші сыныбында:
1 «Қосылған құн салығы» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 11, 12 ерекшеліктермен толықтырылсын:
«11 Бюджеттен қайтарылған және құжаттық салықтық тексеру жүргізу барысында расталмаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасы салық төлеушілердің (қайтару) аударатын сомалары
12 Салықтық тексеру кезінде расталмаған, бұрын аударылған және қайтарылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасына келетін (қайтару) аударатын өсімпұл сомалары»;
5 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» санатында:
01 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» сыныбында:
мынадай мазмұндағы 2 «Пайдаланылмаған бюджеттік кредиттердің сомаларын қайтару» кіші сыныбымен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы 01, 02 ерекшеліктермен толықтырылсын:
«01 Республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару
02 Жергілікті бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
09 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында:
9 «Отын және энергетика» функцияналдық кіші тобында:
233 «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 025 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«025 Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ведомстволарын көшіру»;
16 «Қарыздарды өтеу» функционалдық тобында:
1 «Қарыздарды өтеу» функцияналдық кіші тобында:
257 «Облыстың қаржы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 018 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«018 Республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару»;
356 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 019 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«019 Республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару»;
452 «Ауданның (республикалық маңызы бар қаланың) қаржы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 021 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«021 Жергілікті бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару»;
459 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 022 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«022 Жергілікті бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару».

2 2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А. Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы