О внесении дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 65
- Қабылданған күні
- 09.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2013 AI57579_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100006781
- ЭКБ идентификаторы
- 57579
- Редакция идентификаторы
- AI57579_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:11
0 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамада:
шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері құрылымында:
420 «Негізгі капиталды құру» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы шығындардың Анықтамасы мен Тізбесі бар 424 ерекшелікпен толықтырылсын:
«424 Мемлекеттік кәсіпорындардың ғимараттары мен құрылыстарды салу (реконструкциялау)»;
«Анықтама» бағанында:
«Күрделі жөндеу мен қалпына келтіруден басқа ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру.»;
«Шығындар тізбесі» бағанында:
«Осы ерекшелік бойынша бұрын мемлекеттік кәсіпорындармен жасалған аяқталып отырған ұзақ мерзімді шарттар бойынша шығыстарды қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.».