О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 312
- Қабылданған күні
- 17.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2013 AI59335_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007022
- ЭКБ идентификаторы
- 59335
- Редакция идентификаторы
- AI59335_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:10
0 «Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарғысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
бюджеттік бағдарлама әкімшісі 282 бюджеттік бағдарламаны мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 100, 106, 107, 108, 109, 115 бюджеттік бағдарламалармен толықтырсын:
«282 Облыстың тексеру комиссиясы
001 Облыстың тексеру комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер
002 Ақпараттық жүйелер құру
003 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары
100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше жағдайлар резерві есебінен іс-шараларды өткізу
106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқару органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
107 Шұғыл шығындарға арналған жергілікті атқарушы органның резерві есебінен іс-шаралар өткізу
108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу
115 Жергілікті атқарушы органның резерві қаражаты есебінен сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау»;
мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 100, 106, 107, 108, 109, 115 бюджеттік бағдарламалары бар 378 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырсын:
«378 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы»
001 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер
002 Ақпараттық жүйелер құру
003 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары»;
100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше жағдайлар резерві есебінен іс-шараларды өткізу
106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқару органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
107 Шұғыл шығындарға арналған жергілікті атқарушы органның резерві есебінен іс-шаралар өткізу
108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу
115 Жергілікті атқарушы органның резерві қаражаты есебінен сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау»;
13 «Өзгелер» функционалдық тобында:
9 «Өзгелер» функционалдық кіші тобында:
356 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы басқармасы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
«020 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
020 Алматы қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жеке-жеке жинақтау жүйесін енгізу үшін несиелеу»;
372 ««Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 004 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«004 Астана қаласының инновация қызметінің дамуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер».