О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 597
- Қабылданған күні
- 24.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2013 AI61693_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007317
- ЭКБ идентификаторы
- 61693
- Редакция идентификаторы
- AI61693_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:04
0 "Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
3 «Елді-мекендерді көркейту» функционалдық кіші тобында:
458 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай мазмұндағы 035 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«035 Семей ядролық полигонының жабылуының 20 жылдығына орайластырылған іс-шараларды өткізуге байланысты Семей қаласының инфрақұрылымын абаттандыру және жөндеу»;
10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
9 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
212 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 077 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«077 Салықтық және өзге де берешектерді өтеу»;
шығыстардың экономикалық сыныптамасында:
1 «Ағымдағы шығындар» санатта:
02 «Сыйақылар төлеу» сыныбында:
210 «Ішкі қарыздар бойынша сыйақы төлемдері» кіші сыныбында:
212 «Республикалық бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақы төлемдері» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
«212 Жоғары тұрған бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақы төлемдері»;
5 «Қарыздарды өтеу» санатта:
07 «Қарыздарды өтеу» сыныбында:
710 «Ішкі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 714, 715 ерекшеліктермен толықтырылсын:
«714 Бюджет кредиттерінің пайдаланылмаған сомасын қайтару
715 Бюджеттік кредиттерді мақсатсыз пайдаланудың сомаларын қайтару»;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
210 кіші сыныбында:
212 «Республикалық бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақылар төлемдерi» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары тұрған бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақы төлемдері (мүдделер)»;
«Анықтама» бағанында:
«Республикалық бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақы төлемдері (мүдделер)» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары тұрған бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақы төлемдері (мүдделер)»;