Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"

Бұйрық · № 228 · қабылданған 02.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2010-no-141-ekb-65797/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 228 ·02.05.2012
13.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 228 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 141 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
228
Қабылданған күні
02.05.2012
Көрсетілген редакция
13.03.2013 AI65797_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007681
ЭКБ идентификаторы
65797
Редакция идентификаторы
AI65797_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:19

0 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында:
04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:
1 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" кіші сыныбында:
39 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" ерекшелігі алып тасталсын;
43 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"043 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi, оның ведомстволары салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар".

2 2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық ол мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы