Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра нефти и газа Республики Казахстан от 1 октября 2010 года № 341 "Об утверждении Положения о центральной комиссии по разведке и разработке полезных ископаемых"

Бұйрық · № 160 · қабылданған 22.08.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2010-no-341-ekb-74565/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра нефти и газа Республики Казахстан от 1 октября 2010 года № 341 "Об утверждении Положения о центральной комиссии по разведке и разработке полезных ископаемых" Күшін жойған Бұйрық ·№ 160 ·22.08.2013
29.06.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра нефти и газа Республики Казахстан от 1 октября 2010 года № 341 "Об утверждении Положения о центральной комиссии по разведке и разработке полезных ископаемых"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 160 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра нефти и газа Республики Казахстан от 1 октября 2010 года № 341 "Об утверждении Положения о центральной комиссии по разведке и разработке полезных ископаемых"
Атауы (қаз.)
"Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 341 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
160
Қабылданған күні
22.08.2013
Көрсетілген редакция
29.06.2018 74565_333131.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008726
ЭКБ идентификаторы
74565
Редакция идентификаторы
74565_333131
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:27

0 "Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 341 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 341 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6524 тіркелген, 2010 жылғы 13 қазандағы № 270 (26331) «Казахстанская правда» және 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468 (26311) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрcетiлген бұйрықпен бекiтiлген Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. БИОК құрамын Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі бекітеді. БИОК құрамына, келісім бойынша, мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы тәжірибелі мамандар кіреді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жер қойнауын пайдаланушы қағаз және электрондық тасығышпен үш дана жобалық құжаттарды, түсініктемені, сондай-ақ БИОК Ережесінің қосымшасына сәйкес өтінішін жібереді.»;
көрсетілген Ережеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (Қ.С. Құлмырзин) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

4 Қазақстан Республикасы

Мұнай және газ министрінің
2013 жылғы 22 тамыздағы
№ 160 бұйрығына қосымша
Пайдалы қазбаларды
барлау және игеру жөніндегі
орталық комиссия туралы
ережеге қосымша
Нысаны
Пайдалы қазбаларды
барлау және игеру жөніндегі
орталық комиссияға
_________________________________________
(жобалық құжаттың атауы)
жобалық құжатты қарауға арналған
өтініш
1. Жер қойнауын пайдаланушы ______________________________________
2. Жер қойнауын пайдалануға ______________________________________
(құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы)
_______ арасында бекітілген ___________________________келісімшарт.
(күні)
Мемлекеттік тіркеу актінің № ________, Күні______________________
3. Жобалық құжатты әзірлеуші-ұйымның атауы ______________________
Жобалық жұмысты жүргізу құқығына берілетін Лицензияның
(сертификаттың) нөмірі, күні және мерзімі _______________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Өтінішке жобалық құжаттың 3 (үш) данасы қоса беріледі.
Жобалық құжатты ұсынатын кәсіпорын басшысының аты-жөні және қолы
М.О.

Қолданыстағы