Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата от 1 февраля 2010 года № 41 "О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Қаулы · № 286 · қабылданған 22.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2010-no-41/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата от 1 февраля 2010 года № 41 "О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" Күшін жойған Қаулы ·№ 286 ·22.06.2010
29.03.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата от 1 февраля 2010 года № 41 "О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 286 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата от 1 февраля 2010 года № 41 "О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 41 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
286
Қабылданған күні
22.06.2010
Көрсетілген редакция
29.03.2011 53636_114465.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10ND000166
ЭКБ идентификаторы
53636
Редакция идентификаторы
53636_114465
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:56

0 Әкімдіктің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 41 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 5-бабы 11) тармақшасына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына, "Лисаков қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" Лисаков қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 271 шешіміне сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-161 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 наурызда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13. Жоғары білім алу кезінде оқудың құнына байланысты шығыстарды өтеу үшін халықтың әлеуметтік қорғалған топтарына жататын жастарға, табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың жастарына және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқитындарға әлеуметтік көмек";
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) оқудың төлемақы құнына байланысты шығыстарды өтеу үшін жастарға әлеуметтік көмекке:
оқу орнын және оқуға төлемақы мөлшерін растайтын құжат;
халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын жастарға мәртебесін растайтын құжат;
табыстары күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан жастарға - өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға табыстары туралы анықтама".

2 2. Осы қаулы оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға өзінің күшін таратады.

КЕЛІСІЛДІ
"Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығы
__________________ Г. Бермұхамбетова
"Лисаков қаласы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
ММ бастығының міндетін атқарушы
___________________ Н. Турлубекова

Қолданыстағы