Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 сентября 2010 года № 555 «Об утверждении Правил посещения особо охраняемых природных территорий физическими лицами»

Бұйрық · № 229 · қабылданған 30.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2010-no-555/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 сентября 2010 года № 555 «Об утверждении Правил посещения особо охраняемых природных территорий физическими лицами» Қолданыста Бұйрық ·№ 229 ·30.09.2024
30.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 сентября 2010 года № 555 «Об утверждении Правил посещения особо охраняемых природных территорий физическими лицами»

Қолданыста Бұйрық ·№ 229 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 сентября 2010 года № 555 «Об утверждении Правил посещения особо охраняемых природных территорий физическими лицами»
Атауы (қаз.)
«Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 555 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
229
Қабылданған күні
30.09.2024
Көрсетілген редакция
30.09.2024 201188_722484.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035171
ЭКБ идентификаторы
201188
Редакция идентификаторы
201188_722484
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:25

0 «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі №555 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі №555 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6530 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесіне:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда болу тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Табиғат қорғау мекемесінде болу»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Келушіде табиғат қорғау мекемесі ұсынатын қызметтерге ақы төлегені туралы растайтын құжаттың болуы ЕҚТА аумағына келуге негіз болып табылады. Зейнеткерлерден, мүгедектігі бар адамдардан, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерден, еңбек ардагерлерінен, мектеп жасына дейінгі балалардан көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу туралы растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.
Қызметтерге ақы төлегені туралы растайтын құжат (қағаз және электронды түрде) келушінің болу мерзімінің соңына дейін сақталуы тиіс.»;
8-тармақ алынып тасталсын;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Табиғат қорғау кәсіпорнының аумағында болу»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақта болу».

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі

Қолданыстағы