О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 сентября 2010 года № 558 «Об утверждении Правил разработки проектов естественно-научных и технико-экономических обоснований по созданию или расширению особо охраняемых природных территорий, а также корректировки технико-экономического обоснования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 сентября 2010 года № 558 «Об утверждении Правил разработки проектов естественно-научных и технико-экономических обоснований по созданию или расширению особо охраняемых природных территорий, а также корректировки технико-экономического обоснования»
- Атауы (қаз.)
- «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 558 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 728
- Қабылданған күні
- 01.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 01.12.2022 174939_606862.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200030990
- ЭКБ идентификаторы
- 174939
- Редакция идентификаторы
- 174939_606862
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:28
0
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 558 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6518 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасында:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармағымен толықтырылсын:
«6-1. Заңның 23-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын аумақтар жеріне ауыстыру үшін жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер жобаларын әзірлеу талап етілмейді.».
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі