О внесении изменения в постановление акимата города Сатпаев от 1 марта 2011 года № 05/01 «О перечне мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для встреч кандидатов с избирателями»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Сатпаев от 1 марта 2011 года № 05/01 «О перечне мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для встреч кандидатов с избирателями»
- Атауы (қаз.)
- Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 06/16
- Қабылданған күні
- 02.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2016 88593_170028.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KF003039
- ЭКБ идентификаторы
- 88593
- Редакция идентификаторы
- 88593_170028
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:17
0 Сәтбаев қаласы әкімдігінің
«Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарының
және кандидаттардың сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы»
2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы» қаулысына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-117 болып тіркелген, 2011 жылғы 30 наурыздағы № 25 (1891) «Шарайна» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауқала әкім аппаратының басшысы А.С.Нысанбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «2» наурыздағы
№ 06/16 қаулысына қосымша
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 05/01 қаулысына 2 қосымша
Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар мекен-жайлары
№
Елді мекеннің атауы
Сайлаушылармен кездесулерге арналған үй-жайлар және орналасқан мекен-жайлары
Үй-жайдың жалпы көлемі (шаршы метр)
1
Сәтбаев қаласы
Абай атындағы № 4 лицей мектебінің акт залы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 114А үй, телефон: 3-33-36
215,2
2
Сәтбаев қаласы
Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның акт залы, Комаров көшесі, № 11А үй,
телефон: 3-34-68
154,4
3
Жезқазған кенті
№ 2 орта мектептің акт залы, Әуезов көшесі, № 37А үй, телефон: 7-75-13
61,5
4
Весовая елді мекені
№ 10 жалпы білім беретін орта мектептің акт залы, Киров көшесі, № 13 үй, телефон: 6-01-20
78
5
Сәтбаев селосы
№ 17 мектептің акт залы,
телефон: 6-01-66
68,6