Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1419 "Об утверждении Правил предоставления земельных участков, занятых территориальными водами, для строительства искусственных сооружений"

Қаулы · № 769 · қабылданған 02.08.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2011-no-1419/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1419 "Об утверждении Правил предоставления земельных участков, занятых территориальными водами, для строительства искусственных сооружений" Күшін жойған Қаулы ·№ 769 ·02.08.2013
23.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1419 "Об утверждении Правил предоставления земельных участков, занятых территориальными водами, для строительства искусственных сооружений"

Күшін жойған Қаулы ·№ 769 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1419 "Об утверждении Правил предоставления земельных участков, занятых территориальными водами, для строительства искусственных сооружений"
Атауы (қаз.)
"Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
769
Қабылданған күні
02.08.2013
Көрсетілген редакция
23.12.2015 AI73818_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000769
ЭКБ идентификаторы
73818
Редакция идентификаторы
AI73818_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:34

0 "Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1419 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 87-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жасанды ғимараттарды салу үшін жер учаскелерін беруді Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі тиісті бассейндік инспекциясымен келісім бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық және ішкі сулар шегіндегі облыстардың шекаралары облыстардың Каспий теңізі жағалауы құрлығындағы әкімшілік шекараларының түйіскен нүктесін ескере отырып, солтүстік ендіктің 46 градус сызығына параллель сызық ретінде анықталады.»;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілген (БСН) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе нотариалды расталған куәліктің* көшірмесі.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болады;»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеу және беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезден бастап алты жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы