Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 "Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" и от 2 июля 2013 года № 673 "Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда"

Қаулы · № 1072 · қабылданған 26.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2011-no-1420-2-2013-no-673/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 "Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" и от 2 июля 2013 года № 673 "Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда" Қолданыста Қаулы ·№ 1072 ·26.12.2015
29.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 "Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" и от 2 июля 2013 года № 673 "Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда"

Қолданыста Қаулы ·№ 1072 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 "Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" и от 2 июля 2013 года № 673 "Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекiту туралы" 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1072
Қабылданған күні
26.12.2015
Көрсетілген редакция
29.01.2024 96779_683885.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500001072
ЭКБ идентификаторы
96779
Редакция идентификаторы
96779_683885
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:29

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекiту туралы» 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1

2 2) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 585-құжат).

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларында:
2-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындауы кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ротациясын жүзеге асырған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимі бар тұрғын үй;»;
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) ведомстволық тұрғын үй қоры – мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған, тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша ауысу тәртібімен лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін орындау кезеңінде тұру үшін одан әрі жекешелендіру құқығынсыз беруге арналған қызметтік тұрғын үйлер.»;
4-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелердің қызметкерлері мен судьялар, егер олар мемлекеттiк қызметте, бюджеттiк ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда немесе судья лауазымында (мемлекеттiк сайланбалы қызметте болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл (жиынтығында) жұмыс iстесе, сондай-ақ, егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) ауысу тәртібімен лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін орындау кезеңіне ведомстволық тұрғын үй қорынан берілген;»;

2 2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы