Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 "Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде"

Қаулы · № 144 · қабылданған 24.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2011-no-1420-ekb-77762/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 "Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" Күшін жойған Қаулы ·№ 144 ·24.02.2014
29.01.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 "Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде"

Күшін жойған Қаулы ·№ 144 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 "Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
144
Қабылданған күні
24.02.2014
Көрсетілген редакция
29.01.2024 77762_683877.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000144
ЭКБ идентификаторы
77762
Редакция идентификаторы
77762_683877
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:46

0 "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 88-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында:

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты үш данада жасалады. Олардың біреуі мемлекеттік мекеменің (мемлекеттік кәсіпорынның) әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) тіркеу үшін беріліп, қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады.
Жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) тізілімнің www.gosreestr.kz веб-порталында олармен жасалған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарттары бойынша, оның ішінде шарттың талаптары, шарт бойынша есептер, бюджетке аударылған төлемдер және бар болса, өсімпұл бойынша ақпаратты қарауға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:
«19. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерiн есептеу әдістемесіне сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы (коммуналдық тұрғын үй қорынан), мемлекеттік мекеменің әкімшілігі (мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан) немесе мемлекеттiк кәсiпорынның әкiмшiлiгi (мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қорынан) есептейді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемді жалдаушы тиісінше республикалық немесе жергілікті бюджетке аударады.»;

2 2) Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгi шартында:

3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемді жалдаушы тиісінше республикалық немесе жергілікті бюджетке аударады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы