Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 «Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде»

Қаулы · № 327 · қабылданған 27.05.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2011-no-1420/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 «Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде» Күшін жойған Қаулы ·№ 327 ·27.05.2020
29.01.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 «Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде»

Күшін жойған Қаулы ·№ 327 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 «Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
327
Қабылданған күні
27.05.2020
Көрсетілген редакция
29.01.2024 143283_683907.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000327
ЭКБ идентификаторы
143283
Редакция идентификаторы
143283_683907
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:19

0 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 88-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында:
бірінші тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік тұрғын үй қоры – коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорына не мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорына тиесілі және республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына кіретін тұрғынжайлар;»;
екінші тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру тәртібі»;
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар осы Қағидалардың 6-2, 6-5 және 6-6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы мекеменің осы елді мекендегі тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерінің пайдалануына беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 6-6-тармақпен толықтырылсын:
«6-6. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй қорын есепке алу және ұстау саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар осы елді мекендегі тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілердің және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің пайдалануына беріледі.
Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік органдары мен бюджеттік ұйымдары тұрғын үй комиссиясы бекіткен тұрғынжайға мұқтаж адамдар тізімін
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй қорын есепке алу және ұстау саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемеге жібереді.»;
9-тармақта:
5) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Меншік құқығында оларға тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе жоқтығы туралы мәліметтерді, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтерді тұрғын үй комиссиясы ақпараттық жүйелер арқылы алады.»;
үшінші тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану тәртібі».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы