Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1427 "Об утверждении Правил регистрации внутренних мигрантов и внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан"

Қаулы · № 343 · қабылданған 19.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2011-no-1427-ekb-64136/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1427 "Об утверждении Правил регистрации внутренних мигрантов и внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 343 ·19.03.2012
26.09.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1427 "Об утверждении Правил регистрации внутренних мигрантов и внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 343 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1427 "Об утверждении Правил регистрации внутренних мигрантов и внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
343
Қабылданған күні
19.03.2012
Көрсетілген редакция
26.09.2024 64136_721890.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000343
ЭКБ идентификаторы
64136
Редакция идентификаторы
64136_721890
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:47

0 "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді не тұрғылықты жерін ауыстырған кезде тіркеуден шығаруды жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырады.
Ішкі көшіп-қонушы тіркелген жер оның заңды мекенжайы болып табылады.";
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Босқындарды қоспағанда, тіркеуге жататын ішкі көшіп-қонушылар бұрынғы тіркеу орнынан есептен шыққан күннен бастап он күн мерзімде халыққа қызмет көрсету орталықтарына мынадай құжаттарды:»;
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығаруға мынадай ішкі көшіп-қонушылар:";
10-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу және тіркеуден шығару "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне мәліметтер енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Азаматтарды тіркеу кітабы не мекенжай анықтамасы ішкі көшіп-қонушылардың тіркелген жерін растайтын құжат болып табылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару үшін қажетті азаматтарды тіркеу кітабының, мекенжай анықтамасының, мөртабандардың және бланкілердiң нысандарын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi белгiлейдi және береді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiн – паспорттар мен әскери билеттер бойынша жүзеге асырылады.";
16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ерекше режим жағдайындағы елді мекендерде (жабық әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарда) тұрақты тұратын немесе уақытша болатын жерге келген ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу үшін белгіленген тәртіппен құзыретті органдар беретін рұқсат ұсынылады. Бұл ретте уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелері шекара аймағы аумағында тұрақты тұратын адамдарға паспорттарына, жеке куәлiктерiне олардың шекара аймағында тұратынын растайтын құжат береді.".

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы