О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 сентября 2011 года № 455 "Об утверждении Инструкции органов внутренних дел Республики Казахстан по обеспечению безопасности дорожного движения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 сентября 2011 года № 455 "Об утверждении Инструкции органов внутренних дел Республики Казахстан по обеспечению безопасности дорожного движения"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 455 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 159
- Қабылданған күні
- 01.03.2013
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2014 AI71542_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008370
- ЭКБ идентификаторы
- 71542
- Редакция идентификаторы
- AI71542_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:34
0 "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 455 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол полициясының жол қозғалысын қадағалау, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың заңды құқығы мен мүдделерін қорғау, оның қызметінде тәртіп пен заңдылықты нығайту жөніндегі қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 10 қазанда № 7243 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 5 қарашада № 353-354 (26744-26745) болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа:
24-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Жол полициясының стационарлық бекеттерінде қызмет өткеру кезінде (және патрульдеу бағыттарындағы) жол полициясының қызметкерлеріне жүктеледі:»;
40-тармақтың 11) тармақшасы және нұсқаулыққа 7-қосымша алынып тасталсын;
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«64. Патрульдеу бағытында (бекетінде) қызмет атқару кезінде жол полициясының инспекторы қозғалыс процесіне ықпал етеді, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері болып табылатын Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың алдын алады және жолын кеседі, көлік құралдарын себепсіз тоқтату мен ұстау алынып тасталады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы оны тікелей анықтаған уәкілетті адам мыналардың болуынан басқа жағдайларда толтырылады:
- құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар;
- жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
- сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдар мен аспаптар көрсеткіштері».