Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата города Балхаш от 1 декабря 2011 года № 48/04 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с избирателями кандидатов в Президенты, депутаты Мажилиса Парламента и маслихатов Республики Казахстан»

Қаулы · № 08/02 · қабылданған 26.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2011-no-4804/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата города Балхаш от 1 декабря 2011 года № 48/04 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с избирателями кандидатов в Президенты, депутаты Мажилиса Парламента и маслихатов Республики Казахстан» Күшін жойған Қаулы ·№ 08/02 ·26.02.2015
20.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата города Балхаш от 1 декабря 2011 года № 48/04 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с избирателями кандидатов в Президенты, депутаты Мажилиса Парламента и маслихатов Республики Казахстан»

Күшін жойған Қаулы ·№ 08/02 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата города Балхаш от 1 декабря 2011 года № 48/04 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для проведения встреч с избирателями кандидатов в Президенты, депутаты Мажилиса Парламента и маслихатов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 48/04 «Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
08/02
Қабылданған күні
26.02.2015
Көрсетілген редакция
20.10.2023 87736_662482.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15KD003020
ЭКБ идентификаторы
87736
Редакция идентификаторы
87736_662482
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:25

0 Балқаш қаласы әкімдігінің

2011 жылғы 1 желтоқсандағы №48/04
«Қазақстан Республикасы
Президентінің, Парламент
Мәжілісінің және мәслихаттар
депутаттығына кандидаттардың
үгіттік баспа материалдарын орналастыру
орындарын және сайлаушылармен
кездесу өткізетін үй-жайлардың
орнын белгілеу туралы» қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабы 4, 6 тармақтарына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №48/04 «Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі №8-4-254, 2011 жылғы 15 желтоқсанда № 143-144(11812) «Балқаш өңірі», №140 (849) «Северное Прибалхашье» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2 қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысы Сандугаш Сабетовна Асылбековаға жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Балқаш қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «26» ақпандағы
№08/02 қаулысына қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін
1
Балқаш қаласы
Ленин және Ағайынды Мусиндер көшелерінің қиылысындағы ақпараттық қалқан
2
З. Сабитова ықшам ауданындағы (№№ 34 және 35 үйлер арасында) ақпараттық қалқан
3
Бөкейханов және Ленин көшелерінің қиылысындағы (№№ 10 және18 үйлер арасында) ақпараттық қалқан
4
Русаков көшесі № 8 үй маңындағы ақпараттық қалқан
5
Саяқ кенті
Балхашская көшесі бойындағы «Горняк» клубы ғимаратының алдындағы ақпараттық қалқан
6
Гүлшат кенті
Клуб ғимаратының алдындағы ақпараттық қалқан
7
Шұбар-Түбек елді мекенінде Центральная көшесі №37 үй маңындағы ақпараттық қалқан

Қолданыстағы