О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 503 «Об утверждении Правил организации и функционирования объектов информатизации в области образования» и о внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 9 августа 2022 года № 354 «Об утверждении Правил формирования, сопровождения, системно-технического обслуживания, интеграции и обеспечения информационной безопасности информационной систем
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 503 «Об утверждении Правил организации и функционирования объектов информатизации в области образования» и о внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 9 августа 2022 года № 354 «Об утверждении Правил формирования, сопровождения, системно-технического обслуживания, интеграции и обеспечения информационной безопасности информационной систем
- Атауы (қаз.)
- «Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 503 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы және «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министр
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 218
- Қабылданған күні
- 20.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2023 184240_645955.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033147
- ЭКБ идентификаторы
- 184240
- Редакция идентификаторы
- 184240_645955
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:48
0 «Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 503 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы және «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7363 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 8) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу ережелерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін (бұдан әрі – білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері) ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін, оның құрылымы мен міндеттерін айқындайды.»;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) педагогтер үшін оқыту семинарлары;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды ескере отырып жүзеге асырылады.»;
11-тармақ алып тасталсын.
2
2. «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29187 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Ұлттық білім беру дерек қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ҰБДҚ) қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.».
3 3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
Және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі