Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2011 года № 615 «Об утверждении Правил оформления гибели и уничтожения отдельных видов государственного имущества, пришедшего в негодность вследствие физического и морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий»

Қаулы · № 1027 · қабылданған 19.12.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2011-no-615/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2011 года № 615 «Об утверждении Правил оформления гибели и уничтожения отдельных видов государственного имущества, пришедшего в негодность вследствие физического и морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий» Күшін жойған Қаулы ·№ 1027 ·19.12.2022
28.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2011 года № 615 «Об утверждении Правил оформления гибели и уничтожения отдельных видов государственного имущества, пришедшего в негодность вследствие физического и морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий»

Күшін жойған Қаулы ·№ 1027 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2011 года № 615 «Об утверждении Правил оформления гибели и уничтожения отдельных видов государственного имущества, пришедшего в негодность вследствие физического и морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий»
Атауы (қаз.)
«Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1027
Қабылданған күні
19.12.2022
Көрсетілген редакция
28.07.2023 175584_647383.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200001027
ЭКБ идентификаторы
175584
Редакция идентификаторы
175584_647383
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:57

0 «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615

қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 87-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Aзаматтық кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген және дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған, негізгі құрал- жабдықтарға (активтерге) жататын мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Бұзылуды және жойылуды ресімдеу тәртібі»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін есептен шығару актілері келісілген кезде тиісті органның мөрімен бекітілген, басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның не оны алмастыратын адамның қолы, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде аппарат басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның қолы қойылады.
Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттардың бір данасы келісуші органда қалады, қалған екеуі мемлекеттік заңды тұлғаға жіберіледі.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілерін мемлекеттік заңды тұлғаның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адам бекітеді.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қорытынды ережелер».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы