Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 1 июля 2011 года № 68 «Об утверждении Инструкции по ведению бухгалтерского учета отдельными субъектами финансового рынка

Қаулы · № 83 · қабылданған 27.05.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2011-no-68-ekb-91884/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 1 июля 2011 года № 68 «Об утверждении Инструкции по ведению бухгалтерского учета отдельными субъектами финансового рынка Қолданыста Қаулы ·№ 83 ·27.05.2015
24.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 1 июля 2011 года № 68 «Об утверждении Инструкции по ведению бухгалтерского учета отдельными субъектами финансового рынка

Қолданыста Қаулы ·№ 83 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 1 июля 2011 года № 68 «Об утверждении Инструкции по ведению бухгалтерского учета отдельными субъектами финансового рынка
Атауы (қаз.)
«Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына өзгеріс енгізу және Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру және қайта сақтандыру операциялары бойынша бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
83
Қабылданған күні
27.05.2015
Көрсетілген редакция
24.12.2024 91884_741981.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011653
ЭКБ идентификаторы
91884
Редакция идентификаторы
91884_741981
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:55

0 Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-3-бабына, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 тіркелген, 2011 жылғы 5 қазанда «Заң газеті» газетінде № 144 (1960) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Нұсқаулық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының, арнайы қаржы компанияларының, акционерлік инвестициялық қорлардың және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрi – ұйым) меншiктi ақшаны салымдарға, заемдарға, бағалы қағаздарға, туынды құралдарға, тазартылған қымбат металдарға, шетел валютасына орналастыру операцияларының, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және керi РЕПО операцияларының бухгалтерлiк есебін жүргiзуді нақтылайды.
Осы Нұсқаулықтың 4, 7, 9, 10 және 11-тараулары исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.».

2 2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2

3 3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

11 Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 83 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық

Қолданыстағы