О внесении изменений в решении акима Жайсанбайского сельского округа от 1 сентября 2011 года № 8 «О наименовании улиц села Жайсанбай Жайсанбайского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решении акима Жайсанбайского сельского округа от 1 сентября 2011 года № 8 «О наименовании улиц села Жайсанбай Жайсанбайского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Жайсаңбай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 8 «Жайсаңбай селолық округінің Жайсаңбай селосының көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 15.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2017 110385_166616.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CEG05293
- ЭКБ идентификаторы
- 110385
- Редакция идентификаторы
- 110385_166616
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:10
0 Жайсаңбай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 8 «Жайсаңбай селолық округінің Жайсаңбай селосының көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жайсаңбай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 8 «Жайсаңбай селолық округінің Жайсаңбай селосының көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-143 тіркелген, 2011 жылдың 25 қазанында аудандық «Ырғыз» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі атауында «селолық», «селосының» сөздері «ауылдық», «ауылының» сөздерімен ауыстырылсын.