Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2011 года № 888 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по делам религий"

Қаулы · № 1269 · қабылданған 08.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2011-no-888-ekb-67969/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2011 года № 888 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по делам религий" Күшін жойған Қаулы ·№ 1269 ·08.10.2012
23.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2011 года № 888 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по делам религий"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1269 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2011 года № 888 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по делам религий"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1269
Қабылданған күні
08.10.2012
Көрсетілген редакция
23.09.2014 AI67969_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001269
ЭКБ идентификаторы
67969
Редакция идентификаторы
AI67969_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:12

0 "Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 690-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабына және «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 84 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы ережеде:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

1

«1. Қазақстан Республикасы Дiн iстері агенттігі (бұдан әрi – Агенттік) Үкiмет құрамына кiрмейтін, діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi және өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.»;
13, 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

13 «13. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

1 1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2 2) діни қызмет және діни бірлестіктердің, миссионерлер мен діни (рухани) білім беру ұйымдарының қызметі саласында елде болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау;

3 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттiкке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

14 14. Агенттiк қолданыстағы заңнамаға және өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1 1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;

2 2) дiни ахуалдың дамуын, Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң және діни (рухани) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеу мен талдауды жүргiзедi;

3 3) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

4 4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

5 5) өз құзыретiне жататын мәселелер жүргізуді бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асырады;

6 6) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

7 7) дiнтану сараптамаларын және діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдерін тексеруді қамтамасыз етедi;

8 8) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;

9 9) Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгiзедi;

10 10) заңнамада белгіленген жағдайда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды;

11 11) діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;

12 12) шет мемлекеттердiң діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;

13 13) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;

14 14) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердің басшыларын тағайындауына келісім береді;

15 15) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп бейінін өзгерту (функционалдық мақсатын өзгерту) мәселелерін келіседі;

16 16) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді жүргізеді;

17 17) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, сондай-ақ діни қызмет саласындағы келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, соның ішінде халықаралық құжаттарды әзірлейді және жасайды;

18 18) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ресми түсініктемелер береді;

19 19) өз құзыретi шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзедi;

20 20) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етедi;

21 21) Агенттіктің өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуі кезінде тұтынушылар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді;

22 22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы