О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2011 года № 891 "Об утверждении Правил организации и проведения государственной научно-технической экспертизы" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 691-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 588 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі – МҒТС) ұйымдастыруға және жүргізуге байланысты қатынастарды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) өтінім беруші – уәкілетті органда аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі немесе ғылыми зерттеулерді іске асыратын дербес білім беру ұйымы және оның тең шарттардағы ұйымдары;
Тармақша 2
2) тапсырыс беруші – ұйымдастырушымен МҒТС жүргізуді ұйымдастыруға өтеулі шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлға;
Тармақша 3
3) ұйымдастырушы – ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы;
Тармақша 4
4) сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, сондай-ақ тиісті біліктілігі, ғылыми дәрежесі мен мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың МҒТС үшін тартылатын сарапшының Хирша индексі бар рецензияланатын ғылыми журналдарда соңғы бес жылда жарияланған кемінде 5 ғылыми мақаласы болуы тиіс. Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарға соңғы бес жылда кемінде 5 Хирша индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды;
Тармақша 5
5) шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын сарапшы, сондай-ақ шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген осы мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік ғылыми ұйымдарда жұмыс өтілі және жетекші әлемдік ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалалары бар Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 6
6) қазақстандық сарапшы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген сол мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, оның ішінде уақытша шетелде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс мемлекеттік қызметте жүрген, академиялық ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалалары бар сарапшы.
Тармақша 7
7) сараптама қорытындысы – сарапшы жасайтын және ол өткізетін сараптама нәтижелері, алдына қойылған мәселелер бойынша оның қорытындылары, МҒТС объектісінің объективті және тапсырыс беруші мен ұйымдастырушының мүдделеріне тәуелсіз талдамалық бағалау туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
Тармақша 8
8) кешенді сараптама – ұйымдастырушының білімнің әртүрлі салаларындағы немесе бір білім саласының түрлі ғылыми бағыттарының мамандары болып табылатын сарапшыларды тартуы жолымен өткізілетін сараптама;
Тармақша 9
9) комиссиялық сараптама – ұйымдастырушының бір білім саласының бір ғылыми бағыты шегіндегі мамандар болып табылатын сарапшыларды тартуы жолымен өткізілетін сараптама;
Тармақша 10
10) МҒТС қорытындысы – МҒТС объектісі бойынша бағалаудың әрбір критерийі бойынша сарапшылар келіскен балдарды қорыту негізінде ұйымдастырушы осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасаған ресми қорытынды.
Тармақ 3
3. МҒТС сараптама қорытындыларының тәуелсіздігі, объективтілігі, құзыреттілігі, кешенділігі, дұрыстығы, толықтығы және негізділігі қағидаттарында ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың талдамалық бағасын дайындау мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. МҒТС объектілері ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар (оның ішінде, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептер, ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық алу үшін ұсынылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары, нысаналы ғылыми, ғылыми техникалық бағдарламалар) болып табылады.
Тармақ 5
5. Ұйымдастырушы мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ тапсырыс берушінің өтініші бойынша өзге де МҒТС объектілеріне МҒТС жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуы тиіс ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың МҒТС-ын құзыретті шетелдік және қазақстандық сарапшылар жүргізеді.
Тармақ 7
7. Ұйымдастырушы МҒТС объектілері сараптамасының нәтижелері әкімшілендірілуінің, тәуелсіздігінің, айқындылығының және жариялылығының біртұтастығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Мыналар МҒТС-ның негізгі міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми, техникалық және технологиялық білімнің әлемдік деңгейіне, ғылыми-техникалық прогрестің үрдістері мен басымдықтарына сәйкестігін бағалау;
Тармақша 2
2) МҒТС объектілерінің заңнама, конкурстық құжаттама талаптары мен нормаларына сәйкестігін бағалау;
Тармақша 3
3) жоспарланатын операциялар арқылы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін, еңбек, қаржы қаражаты, материалдық ресурстардың болжамды шығындарының қажеттілігі мен жеткіліктілігін бағалау, сұратылатын қаржыландыруды бағалау;
Тармақша 4
4) ғылыми зерттеулерді жүргізуді мазмұндық, ұйымдастырушылық, материалдық, ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды (есептерді) іске асыру нәтижелерін объективті және кешенді қарау, алынған нәтижелерді мәлімделген мақсаттармен салыстыру;
Тармақша 5
5) МҒТС объектілерінің маңыздылығын бағалау;
Тармақша 6
6) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асырудың ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салдарын болжау;
Тармақша 7
7) МҒТС объектілерін іске асыруға бөлінген қаржылай және басқа да қаражаттың жұмсалу тиімділігін бағалау.
Тармақ 9
9. Мыналар МҒТС жүргізу қағидаттары болып табылады:
Тармақша 1
1) сарапшылардың тәуелсіздігі, анонимділігі және құзыреттілігі;
Тармақша 2
2) МҒТС объектілерін зерттеудің ғылыми тәсілі, жан-жақтылығы, объективтілігі;
Тармақша 3
3) сараптама қорытындыларының толықтығы мен негізділігі;
Тармақша 4
4) МҒТС нәтижелерінің жариялылығы.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
2. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 10
10. Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектісіне және өзге де МҒТС объектілеріне МҒТС жүргізу үшін өтінім береді.
Тармақ 11
11. Ұйымдастырушы:
Тармақша 1
1) МҒТС жүргізу жөніндегі жұмысты МҒТС-ның әрбір объектісін кемінде үш сарапшыға МҒТС жүргізу үшін жолдау арқылы не МҒТС объектісіне байланысты кешенді (комиссиялық) сараптама өткізу арқылы ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) МҒТС жүргізу үшін қазақстандық және шетелдік сарапшылардың құрамын олардың мамандануы мен МҒТС объектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес сапалы және объективті іріктеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін кемінде екі шетелдік сарапшыны іріктеуді жүргізеді;
Тармақша 4
4) МҒТС объектілерінің электронды нұсқаларының деректер банкін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылған және МҒТС жүргізу үшін тапсырыс берушіден келіп түскен МҒТС объектілері бойынша дерекқор қалыптастырады;
Тармақша 5
5) МҒТС-ның әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде, қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған дерекқорын құру және МҒТС жүргізу жөнінде қызметтер көрсету туралы сарапшылармен шарт жасасу арқылы жүзеге асырады. Шетелдік сарапшылардың дерекқорын құру үшін сарапшыларды іріктеу жетекші әлемдік библиометрикалық дерекқорларды пайдалану арқылы немесе жетекші әлемдік университеттер мен ғылыми ұйымдардың немесе МҒТС объектісінің тақырыбына сәйкес келетін ғылыми зерттеулер бойынша әлемдік жетекші журналдардағы жарияланымдары бар сарапшылардың ұсынысы бойынша жүргізіледі. Сарапшымен жасалған шарт сараптаманы жүргізу мерзімі, МҒТС объектілері туралы мәліметтердің құпиялылығы туралы, сарапшының ғылыми этика қағидаттары мен нормаларын сақтауы шарттарын қамтуы және сарапшы туралы мәліметтің құпиялылығына кепілдік беруі тиіс. Шарттың сарапшының бастамасымен дәлелді себептерсіз бұзылғаны туралы мәліметтер қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған дерекқорына енгізіледі. Сарапшы шарт талаптарын және (немесе) осы Қағидада белгіленген МҒТС жүргізу қағидаттарын бұзған жағдайда, ұйымдастырушы оны автоматтандырылған дерекқордан шығарады.
Тармақ 12
12. МҒТС-ны ұйымдастыру және жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) МҒТС жүргізуге өтінімдерді өңдеу және МҒТС объектілерінің электронды нұсқаларының деректер банкі мен МҒТС объектілері бойынша дерекқор құру – өтінім алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды;
Тармақша 2
2) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – өтінімдерді өңдеу аяқталған және МҒТС объектілері бойынша дерекқорға МҒТС объектілері енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды;
Тармақша 3
3) МҒТС жүргізу – сарапшымен шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды. Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты ол аяқталған кейін бес жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 13
13. МҒТС объектісі бойынша сараптама қорытындысы МҒТС объектісіне байланысты осы Қағидаға 3, 4, 5 немесе 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады. Сараптама қорытындысында сарапшы осы Қағидаға 7-қосымшада көрсетілген бағалау жүйесіне сәйкес әрбір бағалау критерийі бойынша балл қояды. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар бойынша қосымша бағалау критерийлерін тапсырыс берушінің ұсынысы бойынша ұйымдастырушы белгілейді.
Тармақ 14
14. МҒТС объектісіне кешенді (комиссиялық) сараптама жүргізілген кезде сарапшы топ құрылады. Сарапшы топ мүшелерінің арасынан төраға сайланады және сарапшы топ отырысының хатшысы анықталады. Сарапшы топтың отырысы күндізгі нысанда және (немесе) онлайн конференция арқылы өткізіледі. Сараптама үшін ұсынылған материалдар көлеміне байланысты кешенді (комиссиялық) сараптама кемінде үш және он бестен аспайтын сарапшылардың қатысуымен өткізіледі. МҒТС объектісінің кешенді (комиссиялық) сараптамасының нәтижелері бойынша МҒТС объектісіне байланысты осы Қағидаға 3, 4, 5 немесе 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша сараптама қорытындысы жасалады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілерінің МҒТС нәтижесі МҒТС қорытындысы болып табылады, оны ұйымдастырушы ұлттық ғылыми кеңестердің қарауына жібереді. МҒТС-ның өзге объектілері бойынша МҒТС қорытындысын ұйымдастырушы тапсырыс берушіге жібереді.
Тармақ 16
16. Ұйымдастырушы конкурс шеңберінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілері бойынша МҒТС нәтижелерін көрсетілген конкурс шеңберінде МҒТС-ның барлық объектілері бойынша МҒТС жүргізілгеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 17
17. Ұйымдастырушыға және сарапшыға тапсырыс берушінің, өтінім берушінің және өзге де адамдардың қысым не өзге де ықпал көрсетуіне жол берілмейді.
Басқа 1
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 1-қосымша ________________________________________ (МҒТС объектісінің атауы) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысы Ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі­нің ата­уы Ор­та­ша балл (1-ден 9-ға дей­ін) Бар­лық са­рап­шы­лар­дың же­тек­ші сұ­рақ­тар­ға жа­у­ап­та­ры­мен қо­са тү­сі­нік­те­ме­ле­рі 1 2 3 4 Қо­ры­тын­ды балл(ба­ға­ла­удың әр­бір кри­те­рийі бой­ын­ша са­рап­шы­лар­мен ке­лі­сі­л­ген бал­дар­ды қо­ры­ту) Қо­ры­тын­ды бал­дың шек­ті ба­ға­сы (тө­мен, ор­та­ша неме­се жо­ға­ры) Кү­ш­ті тұ­ста­ры Әл­сіз тұ­ста­ры Са­рап­шы­лар­дың пі­кі­рі бой­ын­ша шы­ғы­стар­дың әр­бір тү­рі бой­ын­ша өзге­рі­стер­дің негіз­де­ме­сі­мен қо­са, объ­ек­ті­ні іс­ке асы­ру­ға қа­жет­ті қар­жы­лан­ды­ру со­ма­сы МҒТС объ­ек­ті­сі маз­мұ­ны­ның ұсы­ны­л­ған ба­сым ба­ғыт­қа сәй­кест­і­гі ту­ра­лы са­рап­шы­лар­дың пі­кір­ле­рі (сәй­кес ке­ле­ді неме­се сәй­кес кел­мей­ді) ____________________ Ұйымдастырушы
Басқа 2. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге өтінімнің үлгілік нысаны
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 2-қосымша Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге өтінімнің үлгілік нысаны
Тармақ 1
1. Жобаның мақсаттары мен міндеттері [500 сөзден артық емес] Бұл бөлімде жобаның мақсаты және жоба мақсатына қолжеткіз жолдары, оларды іске асыру мен күтілетін нәтижелердің қысқаша түсініктемесімен қоса қойылған міндеттер сипатталады.
Тармақ 2
2. Жобаның ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы [500 сөзден артық емес] Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) жобаның ұлттық және халықаралық деңгейдегі жаңашылдығы мен маңыздылығы;
Тармақша 2
2) жобаны іске асыруға және оның нәтижесін алуға әлеуметтік сұраныс және (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделілік.
Тармақ 3
3. Зерттеу әдістері [1000 сөзден артық емес] Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) жобада пайдаланылатын әдістерді қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін негіздеу, таңдалған амалдарды негіздеу ретінде сипаттау;
Тармақша 2
2) жобаны орындаудың сыни межелері, баламалы жолдары.
Тармақ 4
4. Жобаны іске асыру және басқару тобы [2500 сөзден артық емес] Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) зерттеу тобының құрамын, олардың ұстанымдарын, біліктілігі мен жобадағы жұмыс бағыттарын және жоба кезеңдерін қамтитын жұмыс жоспарын сипаттау;
Тармақша 2
2) жобаны іске асырудың әр жылына міндетті түсіндіруін келтіре отырып, жобаның жалпы құнын негіздеу (мың теңгеде);
Тармақша 3
3) жобаны іске асыру үшін қолда бар материалдық-техникалық базаны сипаттау.
Тармақ 5
5. Күтілетін нәтижелер [500 сөзден артық емес] Бөлімде мынадай ақпарат көрсетіледі:
Тармақша 1
1) рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымды жүзеге асыру және жобаның алынған нәтижелерін патенттеу мүмкіндігі;
Тармақша 2
2) күтілетін ғылыми және әлеуметтік-экономикалық әсер;
Тармақша 3
3) алынған нәтижелердің қолдануға жарамдылығы;
Тармақша 4
4) алынған нәтижелерді мақсатты тұтынушылар;
Тармақша 5
5) жұмыс нәтижелерін әлеуетті тұтынушылар, ғалымдар қоғамдастығы және қалың бұқара арасында тарату.
Тармақ 6
6. Библиография Бөлімде «Жобаның ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы» деген 2-бөлімде сілтемелері берілген жарияланымдар көрсетіледі. Әр жарияланым журналдың толық атауын, басылым нөмірін, шығарылған жылын, бет нөмірін, мақаланың толық атауын, мақаланың барлық авторларының есімдерін қамтуы тиіс.
Басқа 3
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 3-қосымша ________________________________________ (МҒТС объектісінің атауы) сараптама қорытындысы (гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде) Ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі­нің ата­уы Балл (1-ден 9-ға дей­ін) Са­рап­шы­ның/са­рап­шы топ­тың же­тек­ші сұ­рақ­тар­ға жа­у­ап­та­ры­мен қо­са тү­сі­нік­те­ме­ле­рі 1 Зерт­теу жос­па­ры­ның са­па­сы және ин­но­ва­ци­я­лы­лы­ғы Жо­ба­ның ғы­лы­ми жа­ңа­шыл­ды­ғы мен ма­ңы­зды­лы­ғы­ның бо­луы. Жо­ба шең­бе­рін­де жа­ңа ғы­лы­ми неме­се әдіс­на­ма­лық про­бле­ма­лы са­ла­лар­ды зерт­теу. Жо­ба­да ерекше ма­ңы­зды нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу үшін әле­ует­тің бо­луы. Зерт­те­удің пәна­ра­лы­лы­ғы. Жо­ба­ның қа­уіп­те­рі бар, сер­пін­ді зерт­теу дең­гей­іне сәй­кест­і­гі. Әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық әсе­рі. Жо­ба­ның алын­ған нәти­же­ле­рін пай­да­ла­ну жол­да­ры. Жо­ба­ның стра­те­ги­я­лық ма­ңы­зы (бағ­дар­ла­ма­лық-ны­са­на­лы қар­жы­лан­ды­ру үшін). 2 Зерт­теу жос­па­ры­ның іс­ке асы­ры­луы Мақ­сат­тар­дың және зерт­теу жос­па­ры ги­по­те­за­ла­ры­ның ай­қын­ды­лы­ғы мен шы­най­ы­лы­ғы. Жо­ба­да қол­да­ны­ла­тын ғы­лы­ми әді­стер­дің негіз­ді­лі­гі. Ба­ла­ма­лы тә­сіл­дер­дің бо­луы. Әді­стер мен тә­сіл­дер­дің қой­ы­л­ған мақ­сат­тар мен мін­дет­тер­ге сәй­кест­і­гі. Ғы­лы­ми зерт­те­улер­дің әдіс­на­ма­сы мен нәти­же­ле­рі­нің ашық­тығ­ын қам­та­ма­сыз ету. Жо­ба­ны бас­қа­ру, зерт­теу жос­па­ры­ның ашық­тығы және жұ­мыстар­ды бө­лу дең­гей­і­нің қо­лай­лы­лы­ғы. Ре­сур­стар (ада­ми, қар­жы және бас­қа ма­те­ри­ал­дық) мен жұ­мыстар­ды бө­лу­дің жұ­мыстар­дың мә­лім­дел­ген мер­зі­міне, кө­ле­мі мен маз­мұ­ны­на және сұ­ра­ты­л­ған қар­жы­лан­ды­ру со­ма­сы­на сәй­кест­і­гі. Адам­дар­ға және жа­ну­ар­лар­ға жүр­гі­зі­ле­тін экс­пе­ри­мент­тік зерт­те­улер­ге қа­ты­сты эти­ка­лық мә­се­ле­лер­дің көр­се­ті­луі. Пла­ги­ат­ты бол­дыр­мау, мә­лі­мет­тер­дің жа­сан­ды­лы­ғы мен жал­ғанды­ғы, жал­ған қос ав­тор­лық және нәти­же­лер­ді ием­де­ну­ге қа­ты­сты мә­се­ле­лер­дің көр­се­ті­луі. Жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дың ба­ла­ма­лы жол­да­ры­ның бо­луы. 3 Өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­зы­рет­ті­лі­гі Жо­ба­ны іс­ке асы­ру үшін ғы­лы­ми же­тек­ші мен зерт­теу то­бы мү­ше­ле­рі­нің құ­зы­рет­ті­лік дең­гей­і­нің жет­кі­лік­ті­лі­гі. Жо­ба­ны іс­ке асы­ру үшін зерт­теу то­бы мү­ше­ле­рін­де ком­пле­мен­тар­лы (то­лық­ты­ру­шы) бі­лім­нің бо­луы. 4 Зерт­теу ор­та­сы Өті­нім бе­ру­ші­де жо­ба­ны жү­зе­ге асы­ру үшін қа­жет­ті зерт­теу ин­фра­құ­ры­лы­мы­ның бо­луы. Өті­нім бе­ру­ші са­тып ала­тын жаб­дық­тың жо­ба мақ­са­ты­на, жос­пар­лан­ған жұ­мыс маз­мұ­ны­на сәй­кест­і­гі. Жо­ба­ны ха­лы­қа­ра­лық зерт­теу ор­та­сы­на ин­те­гра­ци­я­лау мүм­кін­ді­гі­нің бо­луы (негіз­де­ме­сі­мен). Жо­ба шең­бе­рін­де неме­се оны іс­ке асы­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры жас кадр­лар да­яр­ла­уды қол­дау. Жо­ба шең­бе­рін­де қа­зақ­стан­дық/ше­тел­дік әріп­те­стер­мен бір­лес­кен жұ­мыстар­дың бо­луы. Жо­ба­ға же­тек­ші ше­тел­дік ға­лым­дар­дың қа­ты­суы. Зерт­теу то­бы мү­ше­ле­рі­нің ше­тел­дік зерт­теу ор­та­лық­та­рын­да неме­се уни­вер­си­тет­те­рін­де та­ғы­лым­да­ма­дан өту­ін, зерт­теу ор­та­лық­та­ры неме­се уни­вер­си­тет­тер ара­сын­да зерт­теу то­бы мү­ше­ле­рі­нің өза­ра ал­ма­суын жү­зе­ге асы­ру. Үз­дік ғы­лы­ми нәти­же­лер алу неме­се жо­ба­ны одан әрі да­мы­ту мақ­са­тын­да ха­лы­қа­ра­лық ын­ты­мақ­та­стық ор­на­ту мүм­кін­ді­гі­нің бо­луы және қа­жет­ті­лі­гі. Қо­ры­тын­ды балл (ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі бой­ын­ша балл со­ма­сы) Кү­ш­ті тұ­ста­ры Әл­сіз тұ­ста­ры Са­рап­шы пі­кі­рі бой­ын­ша шы­ғы­стар­дың әр­бір тү­рі бой­ын­ша өзге­рі­стер­дің негіз­де­ме­сі­мен қо­са, объ­ек­ті­ні іс­ке асы­ру­ға қа­жет­ті қар­жы­лан­ды­ру со­ма­сы МҒТС объ­ек­ті­сі маз­мұ­ны­ның ұсы­ны­л­ған ба­сым ба­ғыт­қа сәй­кест­і­гі ту­ра­лы са­рап­шы­лар­дың пі­кір­ле­рі (сәй­кес ке­ле­ді неме­се сәй­кес кел­мей­ді) Сарапшының Т.А.Ә. _____________________________________________
Басқа 4
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 4-қосымша ____________________________________ есебі бойынша (МҒТС объектісінің атауы) сараптама қорытындысы Ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі­нің ата­уы Балл (1-ден 9-ға дей­ін) Са­рап­шы/са­рап­шы топ тү­сі­нік­те­ме­ле­рі 1 Жұ­мыс нәти­же­ле­рі­нің ғы­лы­ми ма­ңы­зды­лы­ғын, прак­ти­ка­лық құн­ды­лы­ғын ба­ға­лау 2 Ғы­лы­ми зерт­те­улер­де қол­да­ны­ла­тын әдіс­на­ма­лар­дың са­па­сын ба­ға­лау 3 Жо­ба­да/бағ­дар­ла­ма­да қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің орын­да­луын ба­ға­лау Қо­ры­тын­ды балл (ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі бой­ын­ша балл со­ма­сы) Кү­ш­ті тұ­ста­ры Әл­сіз тұ­ста­ры Сарапшының Т.А.Ә. _____________________________________________
Басқа 5
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 5-қосымша Ғылым мен техника саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған жұмыс бойынша сараптама қорытындысы ________________________________________ (МҒТС объектісінің атауы) Ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі­нің ата­уы Балл (1-ден 9-ға дей­ін) Са­рап­шы/са­рап­шы топ тү­сі­нік­те­ме­ле­рі 1 Алын­ған әлем­дік дең­гей­де­гі нәти­же­лер­дің ғы­лы­ми жа­ңа­шыл­дық дә­ре­же­сі, жүр­гі­зі­л­ген зерт­те­улер­дің өзек­ті­лі­гі 2 Ғы­лы­ми зерт­те­улер үшін қол­да­ны­ла­тын әдіс­на­ма­ны ба­ға­лау 3 Зерт­те­удің негіз­гі нәти­же­ле­рі­нің ғы­лы­ми және прак­ти­ка­лық ма­ңы­зды­лы­ғын ба­ға­лау 4 Жұ­мыстың ғы­лым мен тех­ни­ка да­муы­на үле­сін ба­ға­лау 5 Қо­ры­тын­ды балл (ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі бой­ын­ша балл со­ма­сы) Кү­ш­ті тұ­ста­ры Әл­сіз тұ­ста­ры Сарапшының Т.А.Ә. _____________________________________________
Басқа 6
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 6-қосымша ________________________________________ (МҒТС объектісінің атауы) нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша сараптама қорытындысы Ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі­нің ата­уы Балл (1-ден 9-ға дей­ін) Са­рап­шы/са­рап­шы топ тү­сі­нік­те­ме­ле­рі 1 Бағ­дар­ла­ма­лық ше­шім үшін ұсы­ны­ла­тын про­бле­ма­ның ба­сым си­патта­ма­сы 2 Ны­са­на­лы бағ­дар­ла­ма­ның мақ­сат­та­ры мен мін­дет­те­рі­нің ғы­лы­ми ма­ңы­зды­лы­ғы 3 Бағ­дар­ла­ма­лық іс-ша­ра­лар­дың негіз­ді­лі­гі, ке­шен­ді­лі­гі және эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­ді­гі, олар­ды іс­ке асы­ру мер­зі­мі 4 Ны­са­на­лы бағ­дар­ла­ма­ны жү­зе­ге асы­ру те­ті­гі­нің ти­ім­ді­лі­гі 5 Ны­са­на­лы бағ­дар­ла­ма­ның тұ­та­стай ал­ған­да­ғы әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық ти­ім­ді­лі­гі, ны­са­на­лы бағ­дар­ла­ма­ны іс­ке асы­ру­дан кү­ті­ле­тін қо­ры­тын­ды нәти­же­лер және оның ел эко­но­ми­ка­сы­ның да­муы­на ық­па­лы Қо­ры­тын­ды балл (ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі бой­ын­ша балл со­ма­сы) Кү­ш­ті тұ­ста­ры Әл­сіз тұ­ста­ры Сарапшының Т.А.Ә. _____________________________________________
Басқа 7. МҒТС объектісін сараптамалық бағалау жүйесі
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 7-қосымша МҒТС объектісін сараптамалық бағалау жүйесі Шек­ті ба­ға Балл Ба­ға Кү­ш­ті және әл­сіз тұ­ста­рын көр­се­те оты­рып ба­ға­ла­уды си­паттау Жо­ға­ры 9 Ерекше Әл­сіз тұ­ста­ры жоқ 8 Көр­нек­ті Әл­сіз тұ­ста­рын ес­кер­ме­у­ге бо­ла­ды 7 Үз­дік Кей­бір еле­у­сіз әл­сіз тұ­ста­ры бар Ор­та­ша 6 Өте жақ­сы Еле­у­сіз әл­сіз тұ­ста­ры­мен көп 5 Жақ­сы Кей­бір кү­ш­ті тұ­ста­ры және бір­қа­лып­ты әл­сіз тұ­ста­ры бар 4 Қа­на­ғат­та­нар­лық Кей­бір кү­ш­ті тұ­ста­ры, бі­рақ ай­тар­лық­тай бір әл­сіз тұ­сы бар Тө­мен 3 Әл­сіз Еле­у­сіз кү­ш­ті тұ­ста­ры және кө­пте­ген әл­сіз тұ­ста­ры бар 2 Қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз Кү­ш­ті тұ­ста­ры жоқ және ай­тар­лық­тай әл­сіз тұ­ста­ры бар 1 Тым қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз Кү­ш­ті тұ­ста­ры жоқ