О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 1 февраля 2012 года № 158-115 "Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2012 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата города Астаны от 1 февраля 2012 года № 158-115 "Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2012 году"
- Атауы (қаз.)
- "Халықтың нысаналы топтарын және 2012 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 158-115 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 158-611
- Қабылданған күні
- 23.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2013 AI66186_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12A0000730
- ЭКБ идентификаторы
- 66186
- Редакция идентификаторы
- AI66186_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:12
0 "Халықтың нысаналы топтарын және 2012 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 158-115 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне пробация қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы Заңы 1-бабы 10-тармағының 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Халықтың нысаналы топтарын және 2012 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 158-115 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 715 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 наурыздағы № 26 «Астана ақшамы», 2012 жылғы 3 наурыздағы № 26 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы 18) тармақшамен мына мазмұнда толықтырылсын:
18 «18) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарға.».
2 2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкiм И. Тасмағамбетов