Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 1 июня 2012 года № 184 "О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций"

Бұйрық · № 325 · қабылданған 19.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2012-no-184-ekb-67886/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 1 июня 2012 года № 184 "О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций" Күшін жойған Бұйрық ·№ 325 ·19.09.2012
26.07.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 1 июня 2012 года № 184 "О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 325 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 1 июня 2012 года № 184 "О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций"
Атауы (қаз.)
"Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
325
Қабылданған күні
19.09.2012
Көрсетілген редакция
26.07.2013 AI67886_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007947
ЭКБ идентификаторы
67886
Редакция идентификаторы
AI67886_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:19

0 "Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын инвесторлармен келісімшарттар жасасу кезінде инвестициялық преференцияларды беру рәсімдерін оңтайландыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Инвестицияны мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 7760 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 тамыздағы № 280-281 (27099-27100) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық преференцияларды алуға өтінім нысанында:
7-тармақтың 1, 2, 4, және 5-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмесі;
2) заңды тұлға жарғысының басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмесі;»;
«4) инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға арналған шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері;
5) инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны қаржыландырудың көздері мен кепілдіктерін белгілейтін, құжаттардың басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері. Инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны өз қаражаты есебінен қаржыландырған жағдайда олардың бар екендігі туралы жазбаша растама қағаз қоса беріледі;».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (Е.К. Хаиров) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы