Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 февраля 2012 года № 184 "Об утверждении Правил выплаты субсидий на удешевление стоимости затрат на транспортные расходы при экспорте зерна"

Қаулы · № 1638 · қабылданған 20.12.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2012-no-184-ekb-69459/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 февраля 2012 года № 184 "Об утверждении Правил выплаты субсидий на удешевление стоимости затрат на транспортные расходы при экспорте зерна" Қолданыста Қаулы ·№ 1638 ·20.12.2012
20.12.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 февраля 2012 года № 184 "Об утверждении Правил выплаты субсидий на удешевление стоимости затрат на транспортные расходы при экспорте зерна"

Қолданыста Қаулы ·№ 1638 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 февраля 2012 года № 184 "Об утверждении Правил выплаты субсидий на удешевление стоимости затрат на транспортные расходы при экспорте зерна"
Атауы (қаз.)
"Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 184 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1638
Қабылданған күні
20.12.2012
Көрсетілген редакция
20.12.2012 AI69459_0.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001638
ЭКБ идентификаторы
69459
Редакция идентификаторы
AI69459_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:19

0 "Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 184 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. «Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 184 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 31, 408-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бюджеттік субсидияларды төлеуді бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2012 жылғы 22 наурыздан бастап 31 шілдеге (қоса алғанда) дейін Қытай Халық Республикасына не оның аумағы арқылы транзитпен, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен бірінші, екінші және үшінші сыныпты азық-түліктік бидайды тасымалдаған жағдайда экспорттаушылардың шығындарды жүзеге асыруын растайтын құжаттардың негізінде бір тоннаға 4000 теңге мөлшерінде жүзеге асырады.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы