Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 1 июня 2012 года № 184 "О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций"

Бұйрық · № 2 · қабылданған 18.08.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2012-no-184/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 1 июня 2012 года № 184 "О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций" Күшін жойған Бұйрық ·№ 2 ·18.08.2014
30.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 1 июня 2012 года № 184 "О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 2 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 1 июня 2012 года № 184 "О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций"
Атауы (қаз.)
"Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
18.08.2014
Көрсетілген редакция
30.11.2015 AI83969_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009714
ЭКБ идентификаторы
83969
Редакция идентификаторы
AI83969_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:47

0 "Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН :
«Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 маусымда № 7760 тіркелген, 2012 жылғы 22 тамыздағы № 534-539 (27612) «Егемен Қазақстан», 2012 жылғы 22 тамыздағы № 280-281 (27099-27100) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
1-тармақтың 2)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар.»
Осы бұйрыққа 2-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша осы Талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4) тармақшасы негізінде әзірленген және инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарды айқындайды.»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы;»;
10) тармақша алынып тасталсын»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы мыналарды өзіне қамтиды:
1) инвестициялық жобаның атауы;
2) инвестициялық жобаның негізгі мақсаттары;
3) инвестициялық жобаның тікелей қатысушылары;
4) инвестициялық жобаны іске асыру орны (облыс, аудан);
5) қысқаша мазмұны:
шығаруға ұсынылатын өнім, болуы мүмкін түрлену спектрін көрсете отырып, тауар немесе қызмет көрсетудің қысқаша сипаттамасы, мақсаты мен қолдану саласы;
болжанатын инвестициялық жобаның сипаты (жаңадан құру, қолданыстағы кәсіпорынды қайта құру немесе кеңейту);
басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған мынадай құжаттардың көшірмесінің болуы:
инвестициялық жоба бойынша техникалық құжаттаманың (спецификацияның) болуы;
техникалық-экономикалық негіздеме;
жобалық-сметалық құжаттама;
құрылыс-монтаж жұмыстары және жабдықты жеткізуге шарттар мен келісімшарттар;
жер теліміне құқықтарды растайтын құжаттар;
ғимараттарды, имараттарды жалдау шарттары мен басқа да құжаттар;
жоба бойынша іске асыру және шектеудің ерекше шарттары: лицензиялардың (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса), патенттердің, рұқсаттардың бар болуы, экспорттық және импорттық квоталардың, өткізу нарығы және шикізат, су, энергиямен қамтамасыз ету, көлік, байланыс, қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шектеулер мен ұсынымдардың болуы, шетелдік жұмыс күшіне қажеттіліктер, технологиялық процестердің экологиялық тазалығына талаптардың болуы;
6) инвестициялық жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:
меншік қаражаты;
қарыз қаражаттары (кредиттер немесе шаруашылық субъектілерінің қаражатын тарту) және/немесе грант;
7) инвестицияларды жүзеге асыру сәтінен бастап жобаны іске асыру мерзімі.»;
5-тармақта:
1)тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) инвестициялық жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы;»;
1)тармақшадағы төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«инвестициялық жоба бойынша тауарларды (қызметтерді көрсетулерін) өндіру көлемін анықтайтын факторлар.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1) шикізат, материалдар және құрал-жабдықтың жеткізілімдері:
шикізат және материалдар (отандық және импорттық) нарығын талдау:
пайдаланатын шикізат түрлерінің тізбесі;
көліктік шығыстарды есепке алғандағы бағаның қол жетімділігі және деңгейі;
қолданылған шикізат және материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, жоба бойынша қызмет түрі шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материал шығыстарының нормасы;
шикізатты есептен шығару әдісі (ҚР заңды тұлғасының есептік саясаты);
жабдықты/өндірушілерді жеткізушілерді таңдау:
қажетті жабдықтардың тізбесі және оған негізгі техникалық талаптар;
жабдық пен технологияның әлемдік және жергілікті нарықтағы жаңалығы;
көліктік шығыстар, монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарды есепке алғандағы жабдықтардың құны;
жөндеу базасының болуы (қажет болған жағдайда);
қосалқы бөлшектер немесе шығыс материалдармен қамтамасыз ету көздері;
2) маркетинг:
Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімдік көрсеткіштер;
қолданыстағы шектеулерді (квоталар, лицензиялар және т.б.) - (нарық сыйымдылығын) есепке ала отырып өткізу нарығын болжау: ішкі және сыртқы нарықтағы әлеуетті төлем қабілеті бар сұраным, қазіргі уақытта оны қанағаттандыру деңгейі:
өткізім арналары - қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегі қай елдерге жеткізілім болжанатыны көрсетілсін; нарықта ұқсас, өзара алмасатын, өзара толықтырылатын тауарлар, қызмет көрсетулердің орын алуы, болашақтағы олардың өндірісін бағалау, соңғы бірнеше жыл ішінде тауарлардың экспорты және/немесе импортының серпіні, көлемі мен бағалары, негізгі бәсекелестер және олардың нарықтағы үлес салмағы; әлеуметтік-экономикалық жағдайының өзгеру мүмкіндіктері нәтижелерінде нарықты болжау;
өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттар; тауарлардың жеткізіліміне келісімшарттардың немесе ниеттер туралы хаттамалардың нотариалды құжандырылған көшірмелері;
тауарларға немесе қызмет көрсетулерге бағалар деңгейін болжамды бағалау;
коммерциялық тәуекел факторлары мен негізгі маркетингтік іс-шаралар.
Жобаны қаржыландырудың айырбас валюта бағамы мен қолданыстағы салық базасының өзгеруіне әсер етуді бағалау.
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Әлеуметтік бөлім мынаны қамтиды:
1) Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны);
2) Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәліметтер, саны (инвестициялық басым жобаларды жүзеге асырған кезде);
3) Талаптарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы;
9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
3) қаржылық талдау:
жобаның қаржылық үлгісі инвестициялық преференцияларды есептемей және тиісті инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып, үлгілерді есептеу енгізіледі;
жобаның өмірлік кезеңі ішіндегі таза дисконттық табысы (МРV);
жобаның өмірлік кезеңі ішіндегі табыстылықтың ішкі нормасы (IRR);
жобаның өтімділік мерзімі (қарапайым және дисконттық);
жоба өмірінің әр жылына табыстың қарапайым мөлшері (рентабельдігі);
түрлер бойынша бюджетке төленетін салықтар, кеден баждары мен төлемдері;
төленетін салықтардың барлық түрлері бойынша бюджеттік тиімділіктің жиынтық есебі анықталсын.
Талаптарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі.»;
12-тармақ алынып тасталсын;
Инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша Талаптарға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
Осы бұйрыққа 2, 3, 4, 5 қосымшаларға сәйкес 3, 4, 5, 6-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті (Е.К. Хаиров) заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

4 4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынылсын

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

8 Өндірістік көрсеткіштер

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2014 жылғы 18 тамыздағы
№ 2 бұйрығына
1-қосымша
Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
2-қосымша
Нысан
Өндірістік көрсеткіштер
Өндіріс қуаты ___________
Жыл­дар
Та­у­ар, жұ­мыс, қыз­мет ата­уы
Өнім­нің заттай көр­сет­кіш кө­ле­мі
Өнім­нің құн­дық көр­сет­кіш кө­ле­мі
Кә­сі­по­рын­ның жүк­те­лі­мі, %
Бар­лы­ғы:

9 Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны):

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2014 жылғы 18 тамыздағы
№ 2 бұйрығына
2-қосымша
Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
3-қосымша
Нысан
Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны):
Құ­ры­лыс ке­зін­де­гі
Өн­ді­рі­сті пай­да­ла­ну­ға ен­гіз­ген­нен кей­ін (1 жыл)
ҚР аза­мат­та­ры
Ше­тел жұ­мыс кү­ші
ҚР аза­мат­та­ры
Ше­тел жұ­мыс кү­ші

10 Тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәліметтер, олардың саны

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2014 жылғы 18 тамыздағы
№ 2 бұйрығына
3-қосымша
Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
4-қосымша
Нысан
Тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәліметтер, олардың саны
Ма­манды­ғы­ның ата­уы (та­риф­тік дә­ре­же­сі, са­нат)
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (оның ішін­де ла­тын әріп­те­рі­мен)
Туы­л­ған кү­ні
Аза­мат­тығы /Тұр­ғы­лық­ты елі
Тар­ты­ла­тын ке­зе­ңі (ай, жыл)
1.Бас­шы­лар:
2.Жо­ға­ры бі­лі­мі бар ма­ман­дар:
З.Бі­лік­ті жұ­мыс­шы­лар:

11 Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2014 жылғы 18 тамыздағы
№ 2 бұйрығына
4-қосымша
Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
5-қосымша
Нысан
Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы
р/с

Ма­ман­дық­тың ата­уы
Бі­лік­ті­лік дә­ре­же­сі (та­риф­тік дә­ре­же­сі, са­нат)
Са­ны

12 Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2014 жылғы 18 тамыздағы
№ 2 бұйрығына
5-қосымша
Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
6-қосымша
Нысан
Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі
Бюд­жет­ке мін­дет­ті тө­лем­дер­дің түр­ле­рі
Күн­тіз­бе­лік жыл
Күн­тіз­бе­лік жыл
Бар­лы­ғы
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­те­ме­ген­де­гі бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­те­ген­де­гі бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­те­ме­ген­де­гі бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­те­ген­де­гі бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­те­ме­ген­де­гі бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­те­ген­де­гі бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
КТС
Мү­лік са­лы­ғы
Жер са­лы­ғы
Ке­ден­дік баж са­лы­ғы
Әле­умет­тік са­лық
Зей­не­та­қы тө­лем­де­рі
т.б.

Қолданыстағы