О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 25-03-01/82 «Об утверждении Инструкции по проведению учета видов животных на территории Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 25-03-01/82 «Об утверждении Инструкции по проведению учета видов животных на территории Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 13.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2024 199698_716162.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034928
- ЭКБ идентификаторы
- 199698
- Редакция идентификаторы
- 199698_716162
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:07
0 «Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7492 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Толтырылған есепке алу карточкаларының негізінде жануарлар түрлерінің санына математикалық есеп жүргізіледі және «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) бұйрығына 16-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар ресімделеді.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар екі данада ресімделеді, олардың біреуі аумақтық бөлімшеге жіберіледі, екінші данасы аңшылық шаруашылығы субъектілерінде қалады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Математикалық есептеулері бар есепке алу карточкаларын жануарлар дүниесін пайдаланушылар және аумақтық бөлімшеде олар толтырылған күннен бастап бес жыл бойы сақтайды, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар аумақтық бөлімшеде тұрақты сақталады.»;
2, 3 және 4-қосымшалар алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы