Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Сатпаев от 1 марта 2013 года № 05/58 «Об утверждении положения государственного учреждения «Аппарат акима города Сатпаев»

Қаулы · № 75/01 · қабылданған 26.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2013-no-0558/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Сатпаев от 1 марта 2013 года № 05/58 «Об утверждении положения государственного учреждения «Аппарат акима города Сатпаев» Қолданыста Қаулы ·№ 75/01 ·26.09.2022
26.09.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Сатпаев от 1 марта 2013 года № 05/58 «Об утверждении положения государственного учреждения «Аппарат акима города Сатпаев»

Қолданыста Қаулы ·№ 75/01 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Сатпаев от 1 марта 2013 года № 05/58 «Об утверждении положения государственного учреждения «Аппарат акима города Сатпаев»
Атауы (қаз.)
Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 05/58 «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
75/01
Қабылданған күні
26.09.2022
Көрсетілген редакция
26.09.2022 172077_593608.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22HB07501A
ЭКБ идентификаторы
172077
Редакция идентификаторы
172077_593608
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:47

0 Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 1 наурыздағы

№ 05/58 «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекеменің ережесін бекіту туралы» қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 1 наурыздағы №05/58 «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің ережесін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

Ереженің 3 бөлімі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Сәтбаев қаласы әкімінің аппаратының басшысы (Нысанбаев А.С.) уәкілетті тіркеуші органда Ережеге өзгерту енгізуді тіркеуді қамтамасыз етіп және бекітілген заңнама тәртібінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдансын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің аппаратының басшысы А.С. Нысанбаевқа жүктелсін.

4 Сәтбаев қаласының әкімдігінің

2022 жылғы «26» қыркүйек №75/01
қаулысына қосымша

3 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17

17. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының басшысын Сәтбаев қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

18 18. Сәтбаев қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасарлары болмайды.

19 19. «Сәтбаев қаласы әкімі аппараты» басшысының өкілеттігі:

1 1) «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі мен құрылымын, сондай-ақ, ондағы өзгерістерді қала әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

2 2) қаланы басқару сызбасын, әкім аппаратының және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штаттық құрылым жобасын әзірлейді, бекітілген сандық лимиттердің сақталуына бақылау жасайды;

3

3) «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жалпы басшылық жасайды, қала әкімі мен әкімдігі жұмыстарын ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, бөлімдер мен «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өзге құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын (әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері) атқарушы органдар жұмыстарын үйлестіру және бақылау жасауды қамтамасыз етеді;

4 4) бөлімдердің және «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өзге де құрылымдық бөлімшелерінің ережесін бекітеді, «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелері басшыларының, мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

5 5) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

6

6) әкім және әкімдіктің құзіреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобасын, қаланың тіршілік әрекетіне қатысты өзге де қызметтік құжаттарды қала әкімі мен әкімдігінің бекітуіне әзірлейді және ұсынады, «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне келісу үшін өзге мемлекеттік органдардан келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар әзірлеуді ұйымдастырады;

7 7) «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз жұмыс істейді және мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынас барысында өз құзіреті шеңберінде оның мүддесін қорғайды;

8 8) қала әкімі мен әкімдігінің қабылдаған нормативтік құқықтық актілерін, әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмаларын «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің орындауын ұйымдастырады, бақылау жасайды әрі тексереді;

9 9) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың жұмыстарын бағалау бойынша қала әкіміне ұсыныс енгізеді;

10 10) «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының жұмысына жалпы басшылық жасайды, атқару және еңбек тәртібінің сақталуын, кадрлық қызметті бақылайды және құжат айналымын ұйымдастырады;

11

11) «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа, қызмет этикасын бұзушылығына қарсы күресті күшейтуге, жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды әзірлейді және қабылдайды;

12 12) қалалық бюджет комиссиясының қарауына енгізілетін «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік өтінімін дайындайды және оны әкімге ұсынады, сонымен қатар бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

13 13) қалалық сайлау комиссиясы мен қалалық мәслихатпен үнемі байланысты қамтамасыз етеді;

14 14) заңнамалар және осы Ережемен жүктелген өзге де қызметтерді іске асырады; «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

20 20. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.

Қолданыстағы