О внесении изменений в решение Отрарского районного маслихата от 1 ноября 2013 года № 19/116-V "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Отрарского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Отрарского районного маслихата от 1 ноября 2013 года № 19/116-V "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Отрарского района"
- Атауы (қаз.)
- Отырар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 19/116-V "Отырар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 31/179-V
- Қабылданған күні
- 31.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2023 84746_662406.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14UI002902
- ЭКБ идентификаторы
- 84746
- Редакция идентификаторы
- 84746_662406
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:07
0
Отырар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 19/116-V "Отырар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты шешім қабылдады:
1
1. Отырар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 19/116-V «Отырар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2412 тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада «Отырар алқабы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Отырар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы»;
шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Отырар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.».