О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 1 ноября 2013 года № 859 «Об утверждении Правил оказания услуг по перевозке лиц с инвалидностью автомобильным транспортом (инватакси)» и в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, за исключением городов республиканского значения, с
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 1 ноября 2013 года № 859 «Об утверждении Правил оказания услуг по перевозке лиц с инвалидностью автомобильным транспортом (инватакси)» и в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, за исключением городов республиканского значения, с
- Атауы (қаз.)
- «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына және «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 245
- Қабылданған күні
- 15.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 29.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2026 I230082_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039887
- ЭКБ идентификаторы
- 230082
- Редакция идентификаторы
- I230082_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 19.09.2026 03:40
0
«Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына және «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Инватакси қызметі «Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін медициналық көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 102 бұйрығына сәйкес медициналық көрсетілімдері бар мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға көрсетіледі.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Жергілікті бюджеттің мүмкіндігі ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Тізбені кеңейтуге, мүгедектігі бар адамдарды инватаксиге тасымалдау жөніндегі қызметтерге көзделген сағат және (немесе) рейс санын ұлғайтуға жол беріледі.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес инватакси қызметін көрсетуге медициналық көрсетілімдері бар мүгедектігі бар адамды немесе мүгедектігі бар баланы сапарда бір адам еріп жүреді.
Мүгедектігі бар адам инватаксимен тасымалдауға тек еріп жүретін адам болған кезде мынадай жағдайларда ғана жол беріледі:
1) өздігінен жүріп-тұру мүмкіндігі жоқ, оның ішінде арнайы қозғалыс құралдарын пайдаланған кезде;
2) мүгедектігі бар балаларды олардың заңды өкілінің еріп жүрумен инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуі;
3) жасы 18 және одан жоғары мүгедектігі бар адамдарды олардың жеке көмекшінің немесе заңды өкілінің еріп жүруі.
Мүгедектігі бар адамды тасымалдау кезінде онымен бірге 14 жасқа дейінгі баласын тасымалдауға жол беріледі.
Осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес инватакси қызметін көрсетуге медициналық көрсетілімдері жоқ және (немесе) ілеспе тұлға болып табылмайтын бөгде адамдарды инватаксимен тасымалдауға жол берілмейді.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қызметтер порталы арқылы инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметті алуға өтініш берген кезде, мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі жергілікті атқарушы органға еріп жүретін адамда қажеттіліктің болуы немесе жоқтығы туралы хабарлайды.
Мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік сатып алу арқылы инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметті алуға өтініш берген кезде, мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі инватакси қызметін көрсететін ұйымға еріп жүретін адамда қажеттіліктің болуы немесе жоқтығы туралы хабарлайды.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету елді мекен шегінде осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес ДКК қолданыстағы қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдарды инватаксиге тасымалдау жөніндегі қызметтерге көзделген сағат және (немесе) рейс санын белгілейді.
Мүгедектігі бар адамды басқа санатқа ауыстыру ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскеннен немесе өтініш беруден кейін келесі айдың басынан бастап жүргізіледі.
Мүгедек адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету мынадай мән жайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады:
мүгедектік тобының өзгеруі;
тұрақты мекен-жайының тіркелуін өзгертуі;
мүгедектігі бар адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты мекен-жайға кетуі немесе қайтыс болуы.»;
55-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) еріп жүретін адамда қажеттіліктің болуы немесе жоқтығы туралы ақпаратын көрсете отырып өтініш (еркін нысанда);»;
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында өлшемі 60х40х20 см дейінгі және салмағы 20 кг аспайтын қол жүгін, сондай-ақ қабы бар бір жұп шаңғыны, бала арбасын немесе шанасын (автобустарда ғана) өзімен бірге тегін алып жүруге рұқсат етіледі.
Автобус салонында жолаушылар саны көп болған кезде, ата-ана үшін бос орын болған кезде және балалар арбасы жолаушылардың еркін қозғалысына кедергі келтірмеген жағдайда, балалар арбасы жиналған күйде осы автобус салонында тасымалдануына рұқсат етіледі.»;
6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
1 Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметті алуға өтініш
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 245 Бұйрыққа
1-қосымша
Автомобиль көлігімен
(инватакси) мүгедектігі бар
адамдарды тасымалдау жөнінде
қызметтер көрсету
қағидаларына
2-қосымша
Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау
жөніндегі қызметті алуға өтініш
Мүгедектігі бар адамдарды инватаксиге тасымалдау жөніндегі қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы көрсетуді сұраймын.
Мүгедектігі бар адам туралы мәліметтер: _____________________________
__________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні: ____________________________
Мүгедектік тобы ______________________________
Мүгедек адамдарды кресло-арбамен тасымалдауға бейімделген инватаксиге қажеттілік ___________________
Еріп жүретін адамда қажеттілік (бар/жоқ) __________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ________________
Құжат нөмірі: __________ кім берді: _________________
Берілген күні: 20 ___ жылғы «____» _____________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________________
Тұрақты тұратын (тіркелген) мекенжайы: _____________________________
Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі ________________
Заңды өкіл туралы мәліметтер (бар болса): ____________________________
___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ____________
Құжат нөмірі: __________ кім берді: _________________
Берілген күні: 20 ___ жылғы «____» _____________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________________
Тұрақты тұратын (тіркелген) мекенжайы: _____________________________
Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі ________________
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Инватакси қызметтерін ұсынуды бақылау мақсатында инватаксимен жүріп- тұру маршрутын қадағалауға келісім беремін.
Келесі шарттар сақталған жағдайда инватакси қызметтерін ұсыну туралы хабардар болдым:
- осы Қағидалармен танысу;
- мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірі бар ұялы телефонның болуы;
- әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы инватакси қызметін алу кезінде тапсырысты жүзеге асыру үшін таңдалған өнім берушімен шарт жасасқан ақпараттық-диспетчерлік такси қызметінің таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын жүктеу;
- әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы инватакси қызметін алу кезінде сапардың аяқталуын бағалаумен тіркеу.
Жалған мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Өтініш берушінің немесе заңды өкілдің қолы __________________________
__________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20____ жылғы «____» ___________
Өтінішті қабылдаған адамның лауазымы және қолы ____________________
__________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы «____» ___________
2 Конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы
Бұйрыққа 2-қосымша
Республикалық маңызы
бар қалаларды, астананы
қоспағанда, автомобиль көлiгiмен
жолаушылар мен багажды
тасымалдау қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы
Р/с
№
Көрсеткіш
Балдар саны
Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан кем
Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан 60 %-ға дейін
Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 60 % -дан астам
1.*
Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі:
5 жылға дейін
+4
+8
+10
5 жылдан 9 жылға дейін
+3
+2
+1
9 жылдан 12 жылға дейін
+2
+1
+0,5
12 жылдан артық
0
0
0
1.1
Пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)
+1 (әр бірлік үшін)
1.2
Сутегі отынмен жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)
+3 (әр бірлік үшін)
1.3
Газмоторлы отынмен жұмыс істеуге дайындаушы зауыттан бейімделген автобустар, шағын автобустар болған жағдайда (қосымша)
+5 (әр бірлік үшін)
1.4
Автобустар, шағын автобустар бар болған кезде:
жеке меншікте
+1,5 (әр бірлік үшін)
тасымалдаушы кредитке немесе лизингке алған
+1 (әр бірлік үшін)
1.5
Электрқозғалтқышы бар автобустар, шағын автобустар болған кезде
+5 (әр бірлік үшін)
1.6
Гибридтік жетегі (электрқозғалтқышы және ішкі жану қозғалтқышы) бар автобустар, шағын автобустар болған кезде
+2,5 (әр бірлік үшін)
2.
Тасымалдаушының жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау саласындағы жұмыс тәжірибесі (конкурс өткізілетін маршрут түрі бойынша):
3 жылға дейін
+1
3 жылдан 8 жылға дейін
+3
8 жылдан астам
+5
3.
Өндірістік-техникалық базаның болуы
жеке
жалға алынған
шарт негізінде қызмет көрсету
Өндірістік корпус:
техникалық қызмет көрсету кешені (аймақ, учаске)
+3
+0,7
+0,2
Ағымдағы жөндеу кешені:
посттар
+3
+0,7
+0,2
өндірістік учаскелер және цехтар
+3
+0,7
+0,2
Қойма үй-жайлары
+1
+0,5
+0,2
Автотұрақ, соның ішінде:
ашық
+1,5
+0,7
+0,3
жабық
+2,5
+1
+0,5
Жинастыру-жуу кешені:
қолмен жуу
+0,7
+0,5
+0,2
механикаландырылған жуу
+1
+0,7
+0,5
Бақылау-техникалық пункті
+0,7
+0,2
+0,1
Әкімшілік ғимарат (үй-жай)
+0,3
+0,1
0
Үй-жай немесе медпункт бөлмесі
+0,5
+0,3
+0,2
Тұрмыстық корпустар және жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар
+0,3
+0,1
0
4.
Автобустарды, шағын автобустарды алмастыру шаралары жүйесі:
резервті жылжымалы құрам жоқ, алмастыру іске асырылмайды
-2
резервті жылжымалы құрам бар
+2
5.
Жолаушыларды тасымалдау жағдайын жақсартатын қосымша ұсыныстар:
жол үстінде бейне сүйемелдеу мүмкіндігі
+0,5 (әр бірлік үшін)
кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға дайындаушы зауыттан бейімделген жылжымалы құрамның болуы
+3 (әр бірлік үшін)
тасымалдауды жүзеге асыруда автобуста нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы үзбей деректер беру жүйесінің болуы
+1 (әр бірлік үшін)
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы
Р/с №
Көрсеткіш
Балдар саны
Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан кем
Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан 60 %-ға дейін
Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 60 %-дан астам
1.*
Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі:
5 жылға дейін
+4
+8
+10
5 жылдан 9 жылға дейін
+3
+2
+1
9 жылдан 12 жылға дейін
+2
+1
+0,5
12 жылдан астам
0
0
0
1.1
Пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)
+1 (әр бірлік үшін)
1.2
Сутегі отынмен жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)
+3 (әр бірлік үшін)
1.3
Газмоторлы отынмен жұмыс істеуге дайындаушы зауыттан бейімделген автобустар, шағын автобустар болған жағдайда (қосымша)
+5 (әр бірлік үшін)
1.4
Автобустар, шағын автобустар бар болған кезде: жеке меншікте
+1,5 (әр бірлік үшін)
тасымалдаушы кредитке немесе лизингке алған
+1 (әр бірлік үшін)
1.5
Электрқозғалтқышы бар автобустар, шағын автобустар болған кезде
+5 (әр бірлік үшін)
1.6
Гибридтік жетегі (электрқозғалтқышы және ішкі жану қозғалтқышы) бар автобустар, шағын автобустар болған кезде
+2,5 (әр бірлік үшін)
2.
Тасымалдаушының жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдаудағы жұмыс тәжірибесі:
3 жылға дейін
+1
3 жылдан 8 жылға дейін
+3
8 жылдан астам
+5
3.
Өндірістік-техникалық базаның болуы
жеке
жалға алынған
шарт негізінде қызмет көрсету
Өндірістік корпус:
техникалық қызмет көрсету кешені (аймақ, учаске)
+3
+0,7
+0,2
Ағымдағы жөндеу кешені:
посттар
+3
+0,7
+0,2
өндірістік учаскелер және цехтар
+3
+0,7
+0,2
Қойма үй-жайлары
+2
+0,3
+0,1
Автотұрақ, соның ішінде:
ашық
+1,5
+0,7
+0,3
жабық
+2,5
+1
+0,5
Жинастыру-жуу кешені:
қолмен жуу
+0,7
+0,5
+0,2
механикаландырылған жуу
+1
+0,7
+0,5
Бақылау-техникалық пункті
+0,7
+0,2
+0,1
Әкімшілік ғимарат (үй-жай)
+0,3
+0,1
0
Үй-жай немесе соның ішінде медпункт бөлмесі
+0,5
+0,3
+0,2
Тұрмыстық корпустар және жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар
+0,3
+0,1
0
4.
Автобустарды, шағын автобустарды алмастыру шаралары жүйесі:
резервті жылжымалы құрам жоқ, алмастыру іске асырылмайды
-2
резервті жылжымалы құрам бар
+2
5.
Жолаушылар тасымалдарын жақсарту үшін қосымша ұсыныстар: аялдамаларды хабарлау және жолаушыларды хабарландыру тәсілі:
магниттік жазба арқылы
+1 (әр бірлік үшін)
автобустық дауыс зорайтқыш жабдық арқылы
+0,7 (әр бірлік үшін)
кондуктор немесе жүргізуші хабарлайды
+0,1 (әр бірлік үшін)
кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға дайындаушы зауыттан бейімделген жылжымалы құрамның болуы
+3 (әр бірлік үшін)
тасымалдауды жүзеге асырған кезде автобуста (шағын автобуста) нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы үзбей деректер беру жүйесінің болуы
+1 (әр бірлік үшін)
*Орташа балл пайдалану мерзімі бойынша әр автобусты (шағын автобусты) бағалау жолымен (резервті есептемегенде) шығарылады, олар бойынша балдар қосылады және автобустардың (шағын автобустардың) санына бөлінеді.