О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 1 ноября 2013 года № 859 «Об утверждении Правил оказания услуг по перевозке инвалидов автомобильным транспортом»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 1 ноября 2013 года № 859 «Об утверждении Правил оказания услуг по перевозке инвалидов автомобильным транспортом»
- Атауы (қаз.)
- «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 667
- Қабылданған күні
- 21.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2020 150306_503565.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021877
- ЭКБ идентификаторы
- 150306
- Редакция идентификаторы
- 150306_503565
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:56
0 «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы
1 қарашадағы № 859 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 қаңтарда № 14 (28238) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Мүгедектерді тасымалдау үшін, соның ішінде кресло-арбада отыратын мүгедектерді тасымалдауға арнайы бейімделген «Жолаушылар такси тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері» ҚР СТ 2272-2012 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін жеңіл автокөлік құралдары пайдаланылады.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Инватакси қызметін көрсетуге қойылатын талаптар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау туралы шартта айтылады, ол соның ішінде:
инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі;
инватаксидің тәулік бойы күндізгі және түнгі уақыттағы, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс режимі.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жергілікті атқарушы органдардың инватакси қызметтеріне ақы төлеуі автомобиль көлігінің тәулігіне сағатпен (машина-сағатпен) өлшенген нақты жұмыс уақытын негізге алады.»;
28-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 44 бұйрық) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 18-қосымшаға сәйкес бөлмеде жүріп-тұруға және серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтамасыз ететін медициналық көрсетілімдер болып табылады.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес инватакси қызметін көрсетуге көрсетілімдері бар мүгедекті немесе мүгедек баланы сапарда бір адам еріп жүреді. Еріп жүретін адам үшін сапар тегін.».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі