О повышении размеров пенсионных выплат из уполномоченной организации с 1 января 2014 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении размеров пенсионных выплат из уполномоченной организации с 1 января 2014 года
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1403
- Қабылданған күні
- 26.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2013 AI76171_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300001403
- ЭКБ идентификаторы
- 76171
- Редакция идентификаторы
- AI76171_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:16
0 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатын, зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттыру жүргізілсін.