Об определении черты бедности на 1 квартал 2014 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении черты бедности на 1 квартал 2014 года
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 675-Ө-М
- Қабылданған күні
- 23.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2014 AI77009_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300009041
- ЭКБ идентификаторы
- 77009
- Редакция идентификаторы
- AI77009_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:26
0 2014 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі темен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы бойынша 2014 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.
2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2013 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 462-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 8772 тіркелген және 2013 жылғы 9 қазандағы «Казахстанская правда» № 291 (27565), 2013 жылғы 12 қазандағы «Егемен Қазақстан» № 232 (28171) газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.