Об установлении видов субсидируемых гербицидов и норм субсидий на 1 литр (килограмм) гербицидов, приобретенных у поставщиков гербицидов на 2014 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении видов субсидируемых гербицидов и норм субсидий на 1 литр (килограмм) гербицидов, приобретенных у поставщиков гербицидов на 2014 год
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылға субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 232
- Қабылданған күні
- 08.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2014 82385_371836.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14T0002974
- ЭКБ идентификаторы
- 82385
- Редакция идентификаторы
- 82385_371836
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:50
0 2014 жылға субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 27 – бабы 1 – тармағының 5) тармақшасына, 37 – бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидасының 8 тармағы 1) тармақшасына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялардың нормалары белгіленсін.
2 2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2014 жылғы "___" ________
5 Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 8 тамыздағы
№ 232 қаулысына қосымша
2014 жылға субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялардың нормалары
№
р/с
Субсидияланатын гербицид түрлері
Өлшем бірлігі, литр, килограмм
Бір бірлік құнын арзандату пайызы, дейін
Бір бірлікке субсидиялардың нормалары, теңге
1
Готрил, 24 % эмульсия концентраты (оксифлуорфен, 240 г/л)
литр
50
2187,0
2
Гезагард 50, суланған ұнтақ (прометрин, 500 г/л)
литр
30
638,0
3
Стомп, 33% эмульсия концентраты (пендиметалин, 330 г/л)
литр
30
543,0