Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий на 1 тонну (литр, килограмм) удобрений, реализованных отечественными производителями на 2014 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий на 1 тонну (литр, килограмм) удобрений, реализованных отечественными производителями на 2014 год
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 234
- Қабылданған күні
- 08.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2014 82458_371828.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14T0002975
- ЭКБ идентификаторы
- 82458
- Редакция идентификаторы
- 82458_371828
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:50
0 2014 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 27 – бабы 1 – тармағының 5) тармақшасына, 37 – бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидасының 7 – тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндiрушiлер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары белгіленсін.
2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2014 жылғы "___" ________
5 Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 8 тамыздағы
№ 234 қаулысына қосымша
2014 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндiрушiлер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары
№
р/с
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірлік құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке субсидиялардың нормалары, теңге
1
Аммиак селитрасы (N- 34,4 %)
тонна
50
28900
2
Аммофос (N- 10 %; P2О5 – 46 %)
тонна
50
45000