Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 102 «Об утверждении формы статистического отчета № 1-Е «О работе органов уголовного преследования» и Инструкции по его составлению»

Бұйрық · № 145 · қабылданған 04.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2014-no-102-no-1-ekb-160011/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 102 «Об утверждении формы статистического отчета № 1-Е «О работе органов уголовного преследования» и Инструкции по его составлению» Қолданыста Бұйрық ·№ 145 ·04.11.2021
04.11.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 102 «Об утверждении формы статистического отчета № 1-Е «О работе органов уголовного преследования» и Инструкции по его составлению»

Қолданыста Бұйрық ·№ 145 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 102 «Об утверждении формы статистического отчета № 1-Е «О работе органов уголовного преследования» и Инструкции по его составлению»
Атауы (қаз.)
«Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
145
Қабылданған күні
04.11.2021
Көрсетілген редакция
04.11.2021 160011_544397.kaz
Соңғы өзгеріс
04.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025044
ЭКБ идентификаторы
160011
Редакция идентификаторы
160011_544397
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:07

0 «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы

№ 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е есептің нысанын және оны құрастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е есептің нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е статистикалық есеп нысанында:
«Қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері бойынша қылмыстық қудалау органдарының көрсеткіштері» № 5 кестесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды есепті құрастыру бойынша нұсқаулықта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е есебі (бұдан әрі – есеп) қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелерін көрсетеді және 7 кестеден тұрады.
Есепке алудың бірлігі қылмыстық іс болып табылады, есепке алу қайталама қабылданған шешімдермен жүргізіледі.
Есеп қылмыстық қудалау органдары жұмысының сапасы мен тиімділігін сипаттайтын құқықтық ақпаратты есепке алуға, жинауға және жүйелеуге арналған.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Есепті қалыптастыру мерзімдері»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Есепті кезеңнің соңғы күнінде сағат 00.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) СДТБТ-ға ЭАЕҚ-ны түпкілікті жүктегеннен кейін белгілі бір кезеңде қалыптастырылған есепті есептеу жүргізіледі (статистикалық кесінді), ол есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-күні бекітіледі.
Белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылып, бекітілген есепке (статистикалық кесіндіге) қандай да бір түзетулерді енгізуге тыйым салынады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Есептің құрылымы және оны қалыптастыру тәртібі»;
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Осы кесте қылмыстық істерді тергеп-тексеру мерзімдері туралы мәліметтерді көрсетеді және 6 баған мен 24 жолдан тұрады (қайталама қабылданған шешімдермен қалыптасады).»;
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«65. 4-жолда – іс бойынша іс жүргізуді қайта бастаумен, оның ішінде 5-жолда – ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 1) тармағынан, 6-жолда – ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 3) тармағынан және 7-жолда – бұрын тоқтатылғандар санынан, 8 - жолда – тергеулігі бойынша қабылданғандардың санынан.»;
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66. 9-15-жолдарда – тергеп-тексеру мерзімдері бойынша бөліп жазумен аяқталған қылмыстық істер көрсетіледі.»;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. 16-жолда тергеп-тексеру мерзімдері бойынша 17-24-жолдарға бөліп жазумен аяқталмаған істердің қалдықтары көрсетіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың субъектілеріне, Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет және жұмыста пайдалану үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 № 5-кесте «Қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері бойынша қылмыстық қудалау органдары жұмысының көрсеткіштері»

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2021 жылғы 4 қарашадағы № 145
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2014 жылғы 1 қазандағы № 102
бұйрығына 1-қосымша
нысан
№ 5-кесте «Қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері бойынша қылмыстық қудалау органдары жұмысының көрсеткіштері»
Ата­уы
жол ко­ды
жал­пы
тер­геу
анық­тау
Есеп­ті мер­зім­де
Ағым­да­ғы ай­да
Есеп­ті мер­зім­де
Ағым­да­ғы ай­да
Есеп­ті мер­зім­де
Ағым­да­ғы ай­да
ба­ған ко­ды
1
2
3
4
5
6
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық-про­це­стік ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі – ҚР ҚПК) 192-ба­бы­ның 1 және 2-бө­лік­те­рін­де бел­гі­лен­ген­нен астам мер­зім­де аяқ­тал­ған іс­тер
1
1-жол­дан
ҚР ҚПК-нің 192-ба­бы­ның 4-бө­лі­гі­мен көз­дел­ген тәр­тіп­те сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру мер­зім­де­рін ұзар­ту­мен
2
қо­сым­ша тер­геу жүр­гі­зу үшін іс­тің қай­та­ры­луы­мен бай­ла­ны­сты
3
іс бой­ын­ша іс жүр­гі­зу­ді қай­та ба­ста­у­мен
4
оның ішін­де
ҚР ҚПК-нің 45-ба­бы 7-бө­лі­гі­нің 1) тар­ма­ғы­нан
5
ҚР ҚПК-нің 45-ба­бы 7-бө­лі­гі­нің 3) тар­ма­ғы­нан
6
бұ­рын тоқ­та­ты­л­ған­дар са­ны­нан
7
тер­ге­улі­гі бой­ын­ша қа­был­дан­ған­дар­дың са­ны­нан
8
мы­на­дай мер­зім­де аяқ­тал­ған іс­тер:
про­ку­рор бел­гі­ле­ген, бі­рақ 1 ай­дан ас­пай­тын мер­зім
9
про­ку­рор бел­гі­ле­ген, бі­рақ 2 ай­дан ас­пай­тын мер­зім
10
1 ай­дан 2 ай­ға дей­ін
11
2 ай­дан 3 ай­ға дей­ін
12
3 ай­дан 6 ай­ға дей­ін
13
6 ай­дан 9 ай­ға дей­ін
14
9 ай­дан астам
15
Мы­на­дай тер­геп-тек­се­ру мер­зі­мі­мен аяқ­тал­ма­ған іс­тер қал­ды­ғы:
16
мы­на­дай тер­геп-тек­се­ру мер­зі­мі­мен
про­ку­рор бел­гі­ле­ген мер­зім­нен аса­тын, бі­рақ 1 ай­дан ас­пай­тын мер­зім
17
про­ку­рор бел­гі­ле­ген мер­зім­нен аса­тын, бі­рақ 2 ай­дан ас­пай­тын мер­зім
18
1 ай­дан 2 ай­ға дей­ін
19
2 ай­дан астам, бі­рақ 3 ай­дан ар­тық емес
20
3 ай­дан астам, бі­рақ 6 ай­дан ар­тық емес
21
6 ай­дан астам, бі­рақ 9 ай­дан ар­тық емес
22
9 ай­дан астам, бі­рақ 12 ай­дан ар­тық емес
23
12 ай­дан астам
24

Қолданыстағы