О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 37 "Об утверждении Положения о Комитете по государственным материальным резервам Министерства национальной экономики Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 37 "Об утверждении Положения о Комитете по государственным материальным резервам Министерства национальной экономики Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 37 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 358
- Қабылданған күні
- 02.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2017 106142_186224.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16NT000358
- ЭКБ идентификаторы
- 106142
- Редакция идентификаторы
- 106142_186224
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:11
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
1 қазандағы № 37 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9781 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережеде:
1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
8-тармақ алып тасталсын;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;
4-2) мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырыстарды орналастыру туралы шешім қабылдау;»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының есебін жүргізу;»;
23-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ведомстволық бағынысты ұйым басшысын, оның орынбасарларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлікпен келісу бойынша тағайындайды;».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;