Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан»

Бұйрық · № 42 · қабылданған 22.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2014-no-662-ekb-139010/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 42 ·22.01.2020
22.01.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 42 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
42
Қабылданған күні
22.01.2020
Көрсетілген редакция
22.01.2020 139010_440864.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G20C0000042
ЭКБ идентификаторы
139010
Редакция идентификаторы
139010_440864
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:15

0 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Әліби Жангелдин көшесі, ғимарат 24.
9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрыққа қол қойылған күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы